12:39 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1348830

Бірінші кезеңде 7,6 миллиард теңге мөлшеріндегі қаржылық қолдауды 150 мыңнан аса мұқтаж азамат алады

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. "Birgemiz" қоғамдық қорынан халықтың әлжуаз топтарына кіретін азаматтарға 50 мың теңгеден таратуға шешім қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі "Nur Otan" партиясының ресми сайтына сілтеме жасап.  

Қамқоршылық кеңестің төрағасы, "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің айтуынша, бастапқыда қор қаражатын 100 мың мұқтаж азаматқа тарату жоспарланған. Әйтсе де, бүгінде өңірлерден түскен өтініштер саны айтарлықтай өскен, ал партияның онлайн ресурсына көмек сұрап хабарласушылар екі есеге көбейген.

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қор қаражаты қарапайым қазақстандықтарға атаулы көмек көрсетуге жұмсалады. Бұл берілетін көмектің әрбір жанға дербес белгіленуін қамтамасыз етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған "Biz Birgemiz" акциясының аясында қор халықтың әлеуметтік әлсіз санатына кіретін мұқтаж жандарға 50 мың теңгеден аударады. Бірінші кезеңде қаржылық қолдауды 150 мыңнан аса мұқтаж азамат алады, ол 7,6 миллиард теңгені құрайды", – дейді Байбек.

Оқи отырыңыз: "Birgemiz" қорына түскен ақшаны тарататындардың аты-жөні жарияланды

Ал қор төрағасы Руслан Сакеевтың сөзіне қарағанда, материалдық көмек қолма-қол берілмейді, оны екінші деңгейлі банктер арқылы адамдардың карточкаларына немесе ағымдағы есепшоттарына аудару жоспарланған. Қазіргі кезде материалдық көмекті аудару кезінде комиссия алмау, сондай-ақ, кредит бойынша қарызы бар азаматтардың берешегі үшін ұстамау мәселесі пысықталып жатыр

"Ешқайда барудың, ешқандай өтініш жазудың қажеті жоқ. Таяу күндерде аталған қаражат өңірлік қорларға аударылып, әрі қарай ол адамдардың есепшоттарына түсетін болады. Ол үшін біз алдын ала бүкіл өңірлермен тиісті меморандумдарға қол қойғанбыз. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынымдарының негізінде көмек қаражатты алушылардың 7 санаты бекітілген. Әкімдер аталған санаттар бойынша көмек алушылар тізімін ұсынды", – деп атап көрсетті Сакеев.

Қордың шешіміне сәйкес, 50 мың теңгені алатындардың қатарында атаулы әлеуметтік көмек алмайтын тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алып жүрген және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын зейнеткерлер, жетім балалар (тұл жетімдер мен асыраушысының бірінен айырылған балалар), Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соларға теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері бар.

"Бұл ретте аталған әрбір санатта мұқтаж жандар да, сонымен бірге көмекті қажет етпейтіндер де бар екенін атап өткен жөн. Сондықтан біз тізімді тікелей жергілікті жағдайды жақсы білетін әкімдіктерден алдық. Аталған көмек облыс орталықтары мен коронавирус таралу қаупі жоғары ірі қалалардың тұрғындарына көрсетіледі. Осы жәйттер ескеріле отырып, 23 қала анықталды", – дейді Сакеев.

Бұдан бөлек, қордың қамқоршылық кеңесі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының індетке қарсы іс-шараларға тартылған 2 мыңдай медицина қызметкеріне материалдық қолдау көрсету үшін 100 миллион теңгеден астам қаражат бөлу туралы ұсынысты қолдады. Осы ақшадан әрбір дәрігерге 50 мың теңгеден таратылады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Birgemiz-ге 500 мың бетперде жолдады

Айта кетейік, бүгінде "Birgemiz" қоғамдық қорының есепшотына 13,2 миллиард теңгеден астам қаражат түсті. Күні кеше қор үкіметтік оператор "СК-Фармация" компаниясынан 5 миллион бетперде сатып алу туралы шартқа қол қойды. Бұл бетперделер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласы тұрғындарының әлеуметтік жағынан ең әлсіз топтарына үлестіріледі.

Тақырып бойынша

Заңға өзгеріс енгізілмек: Енді көпбалалы отбасылар 160 мың теңгеге дейін алады
Қазақстанда жәрдемақы мен зейнетақы өседі - Тоқаев тапсырма берді
Үкімет әлеуметтік жәрдемақы төлеу тәртібін өзгертті
Төтенше жағдай кезінде жәрдемақы кімге және қалай төленеді
Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек туралы ойын айтты
Министрлік төтенше жағдай кезінде атаулы әлеуметтік көмек қалай тағайындалатынын айтты
Загрузка...

Басты тақырып