Қоғам

Қазақстандықтардың назарына: 42 500 теңге алу үшін жаңа сайт іске қосылды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках, архивное фото
Деньги в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Азаматтардың әлеуметтік төлем алуын жеңілдету үшін Enbek.kz электронды еңбек биржасының алаңында қосымша сервис құрылды

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Енді төтенше жағдай кезінде кірісінен айырылған қазақстандықтар әлеуметтік төлем алуға өтінішті 42500.enbek.kz сайтында бере алады, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшеріне төлем алуға өтініш беру үшін қосымша сервис іске қосылды.

Ол үшін не істеу керек:

  • https://42500.enbek.kz сайтына кіру;
  • "42 500 жәрдемақы алу" дегенді таңдау;
  • өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, email көрсетілген форманы толтыру;
  • форманы жіберу;
  • жүйе телефон нөмірін көрсетуді сұрайды;
  • SMS хабарлама арқылы жіберілген кодпен телефон нөмірін растау;
  • Өтініш жіберілді.

Өтінішті өңдеп, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы деректерді тексергеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлемді тағайындау және төлеу туралы ақпарат жіберіледі.

42 500 теңгені кімдер алады

  • шағын, орта және микро бизнес субъектілерінің жұмысшылары;
  • жеке кәсіпкерлер;
  • жеке практикамен айналысатын адамдар;
  • бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілер;
  • міндетті зейнетақы жарнасы аударылған, қызмет көрсеткені үшін азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс тауып жүргендер;
  • карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілері;
  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және ресми тіркелмей жұмыс істегендер.

Өтінімді қарау және әлеуметтік төлем тағайындау мерзімі үш жұмыс күнін құрайды.

Жаңалықтар
0