01:01 05 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Рамазан айы - 2020 (36)
15108 0 0

Қазақстан билігі коронавирустың таралуына байланысты діни бірлестіктерге мерекелік рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынды

АЛМАТЫ, 3 сәуір – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев онлайн брифингте діни шараларға уақытша тыйым салынатынын мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Сәуір айында біз үшін маңызды бірқатар діни мейрам келе жатыр. Атап айтқанда, Ораза, православтық және католиктік Пасха, яһудилік Песах және тағы да басқа мерекелер аталып өтеді", - деді министр.

Абаев бұл мерекелердің барлығы көптеген азамат үшін өте маңызды екенін атап өтті. Дегенмен вирус таралмауы үшін адамдар жиналатын барлық шараға, оның ішінде діни шараларға уақытша тыйым салынған. 

"Діни шаралар кезінде адамдар ғибадат орындарына барып, жақындарымен, туыстарымен жиналады. Бірге мазар басына барады. Қазіргідей күрделі уақытта адамның денсаулығы мен амандығы маңызды. Ешқандай дін адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенді мақұлдамайды",- деп толықтырды Абаев.

"Біз азаматтарымыздың діни сеніміне зор құрметпен қараймыз. Алайда коронавирус індеті барлық адамның денсаулығына, өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан діни бірлестіктерге мерекелік рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынамыз", - деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ, министр барлық діни, этно-мәдени ұйымдардың басшыларынан түсіністік танытуды сұрады.

"Осы ретте барлық діни, этно-мәдени ұйымдардың басшылары мен азаматтарын түсіністік танытуға шақырамыз. Діни мейрам кезінде карантин режимін сақтауды сұраймыз", - деп түйіндеді министр.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары тағы бір апта жұмыс істемейді 

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 453 адамға жетті.

Тақырып:
Рамазан айы - 2020 (36)

Тақырып бойынша

Тоқаев тұрғындардың әнұранды балконда орындауы ненің көрінісі екенін айтты
Желіде тараған видео: Алматы көшелеріне бірнеше танк не үшін шығарылды
 42 500 теңге: премьер-министр қазақстандықтарға есепшот ашуды тапсырды
Қазақстанда "салық демалысы" ұзартыла ма
Төтенше жағдай кезінде кімдер "аренда" төлемейді
"Үлкен қауіп бар": Біртанов коронавирус ауылдарға жеткенін айтты
Кілт сөздер:
Дәурен Абаев, Рамазан, Ораза
Загрузка...

Басты тақырып