Қоғам

Қашықтан оқу кезінде мұғалімдер есеп бермейді – министр

© Sputnik / Абзал КалиевСистема "Кунделик", иллюстративное фото
Система Кунделик, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Асхат Аймағамбетов қазіргідей қиын жағдайда өз балаларымызға, ұстаздарымызға, әріптестерімізге сену керек екенін атап өтті

АЛМАТЫ, 3 сәуір – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов төтенше жағдай кезінде мұғалімдерді тексеру жұмыстары жүргізілмейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз қазіргі уақытта барлық тексеруді тоқтаттық. Ешқандай тексеру болмайды. Екіншіден, мұғалімдерден және мектептерден жиналатын есептер көп болып кетті. Біз қазір бұл есептерді тоқтату туралы шешім қабылдап, арнайы бұйрық шығардық. Мұғалімнен өзінің сынып журналынан басқа ешқандай есеп талап етілмейді", - деді министр.

Сонымен қатар Аймағамбетов әріптестері мен оқушыларға сенетінін айтап өтті.

"Қазіргі уақытта жағдайды өздеріңіз білесіздер. Біз өз балаларымызға, ұстаздарымызға, әріптестерімізге сенуіміз керек. Сондықтан ешқандай есеп қажет емес", - деді министр.

Айтуынша, кей жерде сабақтың видеосы мен фотосы талап етілген. Алдағы уақытта бұған жол бермейміз, деп сендірді Аймағамбетов.

Оқи отырыңыз: Алтыншы сәуірден бастап оқушылар cабақты 30 минуттан оқиды

"Кейбір жерлерде өткізіліп жатқан сабақтың скриншотын, видеосын талап ететін келеңсіз жағдайларға көзіміз жетіп отыр. Сондықтан бұл мәселеге жол бермейміз. Өңірлерде бақылау басқармалары бар, оларға да осындай тапсырма бердік. Олар ұстаздардан есепті талап етпеу мәселесін қадағалап отыратын болады", - деді Аймағамбетов.

Айта кетейік, оқушылар 6 сәуірден бастап қашықтан оқуға көшеді.

Жаңалықтар
0