07:45 04 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD420.07
  • EUR493.25
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
187 0 0

Оқушылар төрт түрлі жолмен қашықтан білім ала алады. Оның біріншісі – "Балапан" және "Еларна" телеарналарында видеосабақтар көрсетіледі

АЛМАТЫ, 3 сәуір – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқу мен онлайн білім алудың аражігін ашып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қашықтан оқыту онлайн оқыту ұғымына тең емес. Қашықтан оқыту – біз қолданып отырған пошта, теледидар, радио, интернет арқылы білім беру. Интернеттің өзінде бала тиісті тапсырманы алып, сол тапсырманы орындап, видеосабақтарды қарап, кері байланысқа шығады. Оқушы видеосабақтарды бірнеше рет қайталап көре алады. Сондықтан біз айтып отырған екі ұғымды бөлек тануымыз керек", - деді министр.

Айтуынша, оқушылар төрт түрлі жолмен қашықтан білім ала алады. Ең алдымен "Балапан" және "Еларна" телеарналарында видеосабақтар көрсетіледі.

Оқи отырыңыз: Қашықтан оқу кезінде мұғалімдер есеп бермейді – министр

"3 360 видеосабақ түсірілді, барлығы интернетке жүктеледі. Одан бөлек радио арқылы сабақ өткізіледі. "Қазақ радиосында" тиісті аудиосабақтар болады. Радионы үйінде теледидар жоқ оқушылар қосымша құрал ретінде қолдана алады", - деп түсіндірді министр.

Оқытудың үшінші жолы – пошта қызметін қолдану. Пошта арқылы мектеп жоқ елді мекендегі оқушылар оқиды.

"Қазпошта" акционерлік қоғамымен келісімге қол қойдық. Еліміз бойынша мектебі жоқ 1 200 елді мекен бар. Ол жерде әрі кетсе 5-7 баладан бар. Бұған дейін олар басқа елді мекенге келіп, сабақ оқитын. Осы балалар пошта байланысы арқылы білім алады", - деп толықтырды Аймағамбетов.

Сонымен қатар басқа оқушылар да кері байланыс үшін пошта қызметін пайдалана алады.

"Елімізде шағын жинақталған мектептер бар. Біз 1 080 мектепті белгіледік. Олар алыста, шалғайда орналасқан, ол жерде 80-100 шамасында балалар оқиды. Ол жақта қауіп аз. Жергілікті атқарушы органдармен келістік, бұл мектептер мұның алдында қалай оқыды дәл солай штаттық режимде оқиды", - деді ол.

Тақырып бойынша

Алматыда көпбалалы отбасылар компьютермен қамтамасыз етіледі
Спортшылар мен жаттықтырушылар онлайн сабақ өткізеді
Алтыншы сәуірден бастап оқушылар cабақты 30 минуттан оқиды
Қашықтан оқыту жалақы мен шәкіртақыға әсер етпейді – министр
Төтенше жағдайға байланысты ҰБТ кейінге шегеріле ме?
Министр оқушылар үшін төртінші тоқсан қашан аяқталатынын айтты
Кілт сөздер:
білім, Асхат Аймағамбетов
Загрузка...

Басты тақырып