Қоғам

Назарбаевтың денсаулығы туралы ақпарат шықты

© AP Photo / Alastair GrantНурсултан Назарбаев
Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев денсаулығына шағымданған емес, жұмысын жалғастырып жатыр, деп сендірді тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті, Қауіпсіздік кеңесінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы жақсы, деп мәлімдеді оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

"Біз қауесеттерге ешқашан түсініктеме берген емеспіз. Алайда соңғы кездері кейбір адамдар елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға белсенді түрде тырысып жатыр, оның ішінде Елбасының денсаулығы туралы жалған ақпарат таратып жатқандар бар. Мұның бәрі – арандатушылық және өтірік. Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы жақсы екенін растаймын, карантин жағдайында да Отанымыздың игілігі үшін жұмыс істеуді жалғастырып жатыр", - деді Айдос Үкібай.    

Оқи отырыңыз: Назарбаев облыс әкімдерімен не жайлы сөйлескені белгілі болды

Баспасөз хатшысы 3 сәуірде Назарбаев облыстар мен қалалар әкімдерімен сөйлесіп, өңірлердегі жағдайды және қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындықты талқылағанын еске салып өтті.

Осы әкімдердің кез келгені менің сөзімді растай алады, деп сендірді Үкібай.

"Барлық шектеу алынып тасталғаннан кейін жеке өзім жұмыс кездесуінен немесе тұңғыш президент қатысқан кеңестен бейнежазба жасаймын деп уәде беремін" , - деп ҚазАқпарат Айдос Үкібайдың сөзінен үзінді келтірді.   

Ол сонымен қатар қатаң карантин жағдайында Елбасы кабинетіне кіруге шектеу қойылғанын атап өтті. Шектеулерге қарамастан, баспасөз қызметі халықты тұңғыш президенттің қызметі туралы уақтылы хабардар етуге тырысып жатыр.  

Жаңалықтар
0