17:45 06 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.67
  • EUR452.95
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
133 0 0

Ерлі-зайыпты Николай мен Маринаның көптен күткен алғашқы перзенттері үшем болып жарық дүниеге келді

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Қостанай облысында жас келіншек екі ұл және бір қыздан құралған үшем босанды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сүйенген alau.kz.

"Перзентханадағы медициналық-генетикалық және реанимация бөлімшесінің дәрігерлері мен медбикелеріне алғысымыз шексіз. Біз осындай білікті мамандардың арқасында бақытқа кенеліп отырмыз", – деді үшемнің анасы Марина Антуфьева.

Ерлі-зайыптылар сегіз жыл бойы перзент сүюге зар болған. Маринаның айтуынша, ата-анасын көп күттіріп туған үшем ЭКО көмегімен (экстракорпоральді ұрықтандыру – Sputnik) жарық дүниеге келген.

"Біздің қолымызда мемлекет тарапынан бөлінген квотамыз болды. Алғашқы әрекетіміздің өзі өте сәтті шықты. Дәрігер ультрадыбыстық зерттеумен тексергенде "егіз" деп айтты. "Рас па?" деп сұрағанымда: "Жоқ, үшем екен" деді. Қуаныштан көз жасыма ерік бердім", – дейді келіншек.

Оқи отырыңыз: Балаға берілетін жәрдемақы 2020: кімге, қалай және қанша төленеді?

Николай мен Марина 7 наурыз күні туған ұл-қызына Валера, Алеша және Лиза деп есім берген. Ал нәрестелердің салмағы 1 килограмм 930 грамм, 1 килограмм 785 грамм және 1 килограмм 795 грамм болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, Қостанай өңірінде 2020 жылы ЭКО көмегін қажет ететін ата-аналарға 51 квота бөлінген.

Тақырып бойынша

Омбыда сәбилерге Димаш есімі жиі қойыла бастады
2020 жылы жәрдемақы қанша болады
Шымкентте 12 жыл бойы бір перзентке зар болған келіншек үшем туды
"Егіз күткен едік" Қостанай облысында жас келіншек үшем туды - видео
Загрузка...

Басты тақырып