23:34 26 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.13
  • EUR451.40
  • RUB5.80
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (853)
4124 0 0

Азаматтардың мұндай қылмыс жасағаны дәлелденген жағдайда 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір - Sputnik. Қарағанды ​​облысында аудан әкімі коронавирус жұқтырды деп жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

40 жастағы әйел Бұқар жырау ауданы әкімінің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы аудиожазбаны WhatsApp желісі арқылы таныстарына жіберген.

"Жалған ақпараттың авторын анықтау полицейлер үшін еш қиындық тудырмады. Тұтқындалған әйел өз кінәсін толық мойындап, тұрғындардан кешірім сұрады", – делінген баспасөз хабарламасында.

Күдікті әйелдің бұл әрекеті қылмыстық кодекстің 274-бабының 1-бөлігіне қайшы келеді. Сондықтан да оның үстінен телекоммуникация желілерін қолдана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 8-сынып оқушысы коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан

Айта кетейік, қолданыстағы заң бойынша азаматтардың мұндай қылмыс жасағаны дәлелденген жағдайда 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (853)

Тақырып бойынша

Түркістанда коронавирус жайлы ақпарат таратқан 3 адам он жылға сотталуы мүмкін
Коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан әйел қамалды
Тоқаев: Коронавирус індеті – адамзатқа төнген аса қауіпті қатер
Желіні дүрліктірген видео: Шымкентте коронавирус тіркелді деген ақпарат түсіндірілді
Кілт сөздер:
Қарағанды, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып