15:19 07 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.67
  • EUR452.95
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1330 0 0

Әскери міндеттілер арнайы жиындардан өту кезінде тамақ және киім-кешекпен, сондай-ақ орташа айлық еңбекақымен толық қамтамасыз етіледі

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір - Sputnik. Алғашқы кезеңде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 100 адам шақыру жоспарланған. Сондай-ақ, үміткерлердің жоғары білімі мен жұмыс тәжірибесіне және бұрын әскери қызметте болғанына басымдық беріледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Президенттің әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру жөніндегі арнайы жарлығына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі әскери міндеттілерді арнайы әскери жиынға шақыру туралы қаулы қабылдады. 

"Қаулыға сәйкес, алғашқы кезеңде әскери қызмет өткеруге денсаулығы жарамды 100 адам шақыру жоспарланып отыр. Іріктеу барысында үміткердің өз еркімен ниет білдіруіне, жоғары білімі мен жұмыс тәжірибесіне және қарулы күштер қатарында қызмет еткендігіне басымдық беріледі", – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Марат Қапаров.

Оның айтуынша, негізгі міндет – Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау,  инфекция анықталған қала нысандарын қорғау, төтенше жағдай режимі кезінде туындайтын басқа да міндеттерді орындау болып табылады.

Оқи отырыңыз: Үш айға дейін созылады - әкімдер әскери міндеттілерді жиындарға шақыруы мүмкін

Әскери міндеттілер арнайы жиындардан өту кезінде тамақ және киім-кешекпен, сондай-ақ орташа айлық еңбекақымен толық қамтамасыз етіледі. Әскери міндеттілер қаладағы кейбір оқу орындарының жатақханасына орналасады. Арнайы жауынгерлік жиындарға баруға ниет білдірушілер Нұр-Сұлтан қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне өтінім бере алады.

Еске сала кетейік, 2 сәуір күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Тақырып бойынша

Назарбаев тәуелсіздік алған кезде әскер басқаратын жалғыз генерал тапқанын еске алды
Дабыл бойынша көтерілді: қазақстандық әскерилер тауда құтқару операциясын бастады
Нұр-Сұлтан карантинде: әскерилер қалаға кіретін жолдарды жауып жатыр – видео
Қазақстанда әскерге шақыру тоқтатылды
Загрузка...

Басты тақырып