01:14 01 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (402)
2307911

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төлемді алушылар тізіміне өзгеріс енгізілгенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Сенбі, 4 сәуір күні көптеген қазақстандықтар 42 500 теңге алуына болатыны хабарланған SMS хабарлама алған болатын. Бұл хабарлама  eGov базасы арқылы проактивті жіберілгені айтылған еді. Алайда мұндай SMS бәріне келген жоқ. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлем туралы бұйрыққа өзгеріс енгізді.

Тізімде кімдер жоқ

Төтенше жағдай енгізілгенге дейінгі бір жылда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бірде-бір ай қатыспаған тұлғалар. 

Өтініш жазған күнге дейінгі 12 ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бірде-бір ай қатыспаған бірыңғай жиынтық төлемді өтегендер.

Төтенше жағдай енгізілгенге дейінгі соңғы бір жылда міндетті зейнетақы жарнасын төлемеген азаматтық-құқықтық шарт бойынша табыс алатын жеке тұлғалар. 

Мүгедектер мен тұрмысы төмен тұрғындарға көрсетілетін көмек

I, II, III топтағы мүгедектер, ерекше қажеттілігі бар балалар, мұндай балаларды күтіп отырған ата-аналар мен атаулы әлеуметтік төлем алушыларға төтенше жағдай кезінде әкімдіктер әлеуметтік көмек көрсетеді.

Карантин кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін тиісті көмек ақшалай түрде жасалады. 

Алушының есепшотына 4 айлық есептік көрсеткіш - 10 604 теңге екі траншпен беріледі. Айдың басында 2 айлық есептік көрсеткіш және айдың ортасында 2 АЕК.

Бұл туралы астанадағы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының жетекшісі Сәуле Нұрғожина. 

Әлеуметтік төлемді кімдер алады:

  • шағын, орта және микро бизнес субъектілерінің жұмысшылары;
  • жеке практикамен айналысатын адамдар;
  • бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілер;
  • міндетті зейнетақы жарнасы аударылғандар;
  • қызмет көрсеткені үшін азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс табатындар;
  • карантинге жабылған елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің жұмысшылары;
  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және ресми тіркелмеген жұмысшылар.
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (402)

Тақырып бойынша

Қазақстандықтардың назарына: 42 500 теңге алу үшін жаңа сайт іске қосылды
 42 500 теңге: премьер-министр қазақстандықтарға есепшот ашуды тапсырды
42 500 теңге: министр "ЕСП" төлеудің оңай жолын көрсетті
42 500 теңгені электронды цифрлық қолтаңбасыз қалай алуға болады
Жұмағалиев қанша қазақстандық 42 500 теңге алып үлгергенін айтты  
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, карантин, әлеуметтік төлем
Загрузка...

Басты тақырып