Қоғам

Тоқаев коронавирусты анықтайтын тест әзірлеген ғалымдарға хат жолдады

© Sputnik / Абзал КалиевМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы тест жүйесі мыңдаған азаматтың өмірін сақтап қалуға көмектесетініне сенетінін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы мен білім және ғылым министрлігіне қарасты ұлттық биотехнология орталығының ұжымдарына құттықтау хат жолдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Мемлекет басшысы ғылыми институттардың ұжымдарын COVID-19 коронавирусын анықтауға арналған диагностикалық тест жүйесін әзірлеуімен құттықтады.

Президент аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы мен ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары халықаралық стандарттарға сай қажетті тест жүйесін қысқа мерзімде жасап шыққанын атап өтті.

"Сіздердің жетістіктеріңіз отандық биомедицина саласының бәсекеге қабілеттілігі жоғары екенін көрсетеді. Әлемге тараған коронавирус індетіне қарсы күрес жүріп жатқан кезде бұл жаңалықтың ұсынылуы өте маңызды болып отыр. Әзірленген тест жүйесі мыңдаған азаматымыздың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі деп сенемін", - деп жазылған Тоқаевтың құттықтау хатында.

Президент екі ғылыми орталықтың ел игілігі жолындағы жұмыстарына табыс тілеп, алғыс білдірді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев тұрғындардың әнұранды балконда орындауы ненің көрінісі екенін айтты

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда індетке шалдыққандар саны 584 адамға жетті. 44 пациент дертінен айығып шықты, алты адам қайтыс болды.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 219
  • Алматы қаласы – 116
  • Шымкент қаласы – 14
  • Ақмола облысы – 23
  • Ақтөбе облысы – 11
  • Алматы облысы – 10
  • Атырау облысы – 29
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5
  • Жамбыл облысы – 28
  • Батыс Қазақстан облысы – 2
  • Қарағанды облысы – 32
  • Қостанай облысы – 1
  • Қызылорда облысы – 37
  • Маңғыстау облысы – 3
  • Павлодар облысы – 1
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25
  • Түркістан облысы – 28.
Жаңалықтар
0