01:42 01 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (402)
2750 0 0

Министр 42 500 теңге бір рет тағайындалғанымен, ай сайын төленетінін атап өтті. Әлеуметтік төлемге салық салынбайды

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Екінші деңгейлі банктер төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылған азаматтарға төленетін 42 500 теңгеден қандай да бір қарызды ұстап қала алмайды. Жәрдемақыға салық та салынбайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Екінші деңгейлі банктерге 42 500 теңгеден, коммуналдық қызмет, кредит қарызы болсын, қандай да бір берешекті ұстап қалуға тыйым салынды. Тіпті қарыз болған күннің өзінде құқығы жоқ. Әлеуметтік төлемге салық та салынбайды. Яғни, бұл ақшаға тиісуге болмайды. Азаматтар 42 500 теңгені толық көлемде алуы тиіс", - деді Нұрымбетов онлайн брифингте. 

Министр 42 500 теңге бір рет тағайындалғанымен, ай сайын төленетінін атап өтті. 

"Әлеуметтік төлем алу үшін арнайы есепшот ашудың қажеті жоқ. Кез келген карталық шотыңызға аударылады", - деді ол. 

Бұған дейін Нұрымбетов декретте отырған аналар да өтініш бере алатынын айтқан болатын. Ол үшін әйелдің декреттік демалысқа шыққанына бір жыл толуы керек.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (402)

Тақырып бойынша

42 500 теңге алуға арналған Telegram-бот іске қосылды - өтініш қалай тапсырылады
Министр 42 500 теңгені алу үшін қандай өзгеріс енгізілетінін айтты 
42 500 теңге: төлем SMS алғандардың бәріне беріле ме?
Министр кешірім сұрады - айына бір миллион табатындар 42 500 теңгеге өтініш берді
Декретте отырғандар қандай жағдайда 42 500 теңге ала алады – министр жауабы
Кілт сөздер:
әлеуметтік төлем, кредит, банк
Загрузка...

Басты тақырып