Қоғам

Білім министрі "Күнделікті" электронды үкіметпен салыстырды

© Sputnik / Абзал КалиевСистема "Кунделик", иллюстративное фото
Система Кунделик, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Асхат Аймағамбетов "Күнделік" жүйесінде техникалық ақаулық болғанын мойындады. Бірақ ол мәселелер уақытында шешілген

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов төртінші тоқсанның алғашқы күнін қорытындылады. Мектеп оқушылары төтенше жағдайға байланысты қашықтан білім алуға кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, республика бойынша 3,2 миллион оқушы төртінші тоқсанды бастап отыр. Олардың ішінде 2,4 миллион бала интернет арқылы білім алды.   

"Енді, жалғыз "Күнделік.кз-тің " ақпаратын алатын болсақ, оған бір күннің ішінде 2,2 миллион оқушы кірді. Осы жүйеде 32 миллион сессия өтті. Мұндай ешқашан болмаған. Daryn.online қосымшасына 300 мың бала тіркеліп, мұғалімдермен жұмыс істеді. Ал BilimLand платформасын 400 мың бала қолданды", - деді Аймағамбетов бүгінгі онлайн брифингте.

Осы орайда министр "Күнделік.кз" жүйесін электронды үкімет порталымен салыстырды.

"Жаңа "бір күнде 32 миллион сессия жүргізілді" деп айтып жатырмыз ғой, бұл – үлкен рекорд. Өздеріңіз білесіздер, жуырда egov.kz платформасында 15 миллион болғанда көп дегенбіз. Төртінші тоқсан басталғанда 32 миллион тек бір платформамызда жүргізілді", - деп түсіндірді Аймағамбетов.

"Қызық жағдайлар болды": Қашықтан оқытудың алғашқы күні жұрт дүрлігіп кетті

Министр техникалық ақаулық болғанын да мойындады. Соған қарамастан, "Күнделік.кз" ойдағыдай жұмыс істеп тұр.

"Иә, техникалық ақаулықтар болды. Оны жасыруға болмайды. Тура айтуымыз керек. Екі рет ақау болды. Екі рет те тиісті жұмыстарды жүргіздік. Әрине, 30 миллион сессия болғаннан кейін біраз мәселер туындады. Бірақ ол мәселелер уақытында шешілді", - деді Аймағамбетов.

Жаңалықтар
0