11:34 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1754 0 0

Арендалық үй сатып алу құқығынсыз жалға беріледі. Ал баспана құрылысына және сатып алуға 90 миллиард теңге бөлінеді

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Қазақстанда 12 600 отбасын жалға берілетін баспанамен қамту жоспарланып отыр. Осы мақсатқа 90 миллиард теңге көзделген. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жалға берілетін тұрғын үймен 12 600 отбасын қамтамасыз ету жоспарланған. Оның ішінде 6 мыңы көп балалы отбасылар, бір мыңы жас мамандар, 5 600 халықтың тұрмысы төмен топтарының санатына жататын кезекте тұрған адамдар", – деді Өскенбаев үкімет отырысында.

Арендалық үй сатып алу құқығынсыз жалға беріледі. Баспана құрылысына және сатып алуға 90 миллиард теңге көзделген.

"Кредиттік тұрғын үй құрылысына 2017 жылдан бастап 207 миллиард теңге бағытталды. Осы қаражат әкімдіктерде револьверлік негізде айналымда, соның ішінде жыл сайын шамамен 101 миллиард теңге баспананы пайдалануға беруді қамтамасыз етеді", – деді вице-министр.

Ұлттық банк дағдарыс кезінде құрылыс саласын қолдау және халықты жұмыспен қамту үшін 180 миллиард теңге қосымша бөлді. Бұл ақшаны алу үшін әкімдіктер облигациялар шығаруға дайындалып жатыр.

Оқи отырыңыз: "7-20-25" және "Баспана Хит" бойынша ипотека алғандарға төлемді шегеруге болады

Облигация шығару 7 сәуірге жоспарланған. Айтуынша, 8 өңір, олар Нұр-Сұлтан қаласы, Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Алматы, Түркістан, ШҚО облыстары облигацияларды сатып алуға дайын.

"Осы жұмысты Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің тездетуін сұраймын. Атырау облысы жобаны іске асырудан бас тартты", – деді Өскенбаев. 

Барлығы кредиттік тұрғын үймен 25 700 отбасы қамтамасыз етіледі.

Тақырып бойынша

Барлық өңірде жастар үшін арендалық баспана салынады
Тұрғын үйді басқарудың жаңа формасы: пәтер иелері ақшаны қалай бақылайды?
Жастарға арналған арендалық баспана: жалақыға қатысты өзгеріс болуы мүмкін
"Жеңеміз деп ойламадық": Министр Абаевтың орынбасары пәтер ұтып алды – фото
Елорда әкімі биыл қанша қолжетімді баспана салынатынын айтты
Кілт сөздер:
отбасы, баспана
Загрузка...

Басты тақырып