19:12 01 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (405)
818 0 0

Қазіргі кезде бір адам басқа біреуге көлік сатса, оны электронды үкімет порталы арқылы қайта тіркеуге болады. Ол үшін  электронды цифрлық қолтаңбаны қолдану қажет

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Автосалондарда сатып алынған көліктерді онлайн тіркеу қызметі енгізіледі. Бұл туралы бүгін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жақын арада біз автосалондарда сатып алынған көліктерді онлайн тіркеу қызметін енгізуді жоспарлап отыр. Қазіргі кезде ішкі істер министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз", - деді Оспанов бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, қазіргі кезде бір адам басқа біреуге көлік сатса, оны электронды үкімет порталы арқылы қайта тіркеуге болады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңбаны қолдану қажет.  

"Қазіргі карантин жағдайдында электронды цифрлық қолтаңбаны үйде отырып алуға қатысты сұрақтар жиі қойылып жатыр. Біз бұл мәселені шештік. Бүгінде адамның бетін биометриялық идентификация арқылы және бір реттік құпиясөзбен қолтаңбаны алуға болады. Ол механизм істеп тұр. Дәл сондай механизм заңды тұлғалар үшін іске қосылған болатын", - деп атап көрсетті Оспанов.

Тағы оқыңыз: Көліктер айып тұрағына тоғытылады – Алматы полициясы ескерту жасады

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (405)

Тақырып бойынша

Армения көлік сатып алған қазақстандықтарға ескерту жасады
Екі аяғынан айырылды - Алматыда аялдамада тұрған әйелді көлік қағып кетті
Алматыда жалға алынған көлік ағаш пен жеке үйдің қоршауын қиратты
Алматыда самокат мінген қызды көлік қағып кетті: бала ауыр хәлде жатыр
Павлодарда мас күйде көлік жүргізген әйелдің төрт баласын алып қойды
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, тіркеу, көлік, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып