Қоғам

Интернет неге нашарлап кетті – министрлік түсініктеме берді

© Sputnik / Абзал КалиевКомпьютерная клавиатура, покупки в интернете
Компьютерная клавиатура, покупки в интернете - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа абоненттердің қосылуы, видеоконтентті көретіндердің көбеюі, адамдардың онлайн жұмыс істеуге көшуі, оқушылар мен студенттердің қашықтан оқуға ауысуы сияқты факторлар ішкі арналарға салмақ түсірген

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі интернеттің нашарлауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Вице-министр Дарын Тұяқовтың айтуынша, төтенше жағдай енгізілгелі бері интернетке салмақ түсіп жатыр. Қазақстандықтар тамаққа тапсырыс беріп қана қоймай, фильмдерді жиі көре бастаған. Елімізде интернетке түскен салмақ жаңа жылдық мерекелер кезіндегі жағдаймен салыстырғанда екі есе артқан.  

"Бүгінде бүкіл әлемде интернет арналарына салмақ түсіп жатыр. Қазақстанда да трафик өсті. Себебі абоненттер интернет дүкендерден үйге тағам мен дәрі-дәрмекке тапсырыс беріп жатыр. Бұдан бөлек, жаңа абоненттердің қосылуы, видеоконтентті көп көру, адамдардың онлайн жұмыс істеуге көшуі, оқушылар мен студенттердің қашықтан оқуға ауысуы сияқты факторлар ішкі арналарға салмақ түсірді", - деді Тұяқов бүгінгі онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде байланыс сапасын арттыру шаралары атқарылып жатыр. Операторлар ішкі арналарды кеңейтуде. Мәселен, сыртқы арналар 20 процентке кеңейтілді. Вице-министр Нұр-Сұлтан қаласында интернет сапасының нашарлауына себеп болған негізгі мәселені де атап өтті.

"Қызық жағдайлар болды": Қашықтан оқытудың алғашқы күні жұрт дүрлігіп кетті

"Мысалы, ЭКСПО аймағында тұрғындардың өтініші бойынша базалық станциялар алынып тасталды. Осыған байланысты қаланың интернет сапасы нашар жерлерінде қосымша базалық станциялар орнату мәселесі әкімдікпен бірлесіп пысықталуда. Базалық станцияны орнату үшін электрмен жабдықталған жер бөлу керек. Сондықтан бұл мәселе қала әкімдігімен бірлесіп шешіледі. Осы уақытқа дейін бес жерде антенна орнатылды", - деп түсіндірді Тұяқов.

Жаңалықтар
0