17:32 11 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
6069 0 0

Қазпошта еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, 1-15 сәуір аралығында зейнетақыны үйге жеткізу кестесін бекіткен

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Қазпошта сәуір айының зейнетақысын қарт адамдардың үйіне жеткізеді. Алты мыңға жуық зейнеткер төлем картасына көшірілген. Бұл туралы "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір қозғалыстың шектелуіне байланысты біз бұрын пошта бөлімшесіне зейнетақыға келетін барлық зейнеткерге сәуір айының зейнетақысын үйлеріне жеткізіп жатырмыз. Қалғандарына төлем картасын ашып, ақшаны сол картаға ауыстырып, картаны үйлеріне апарып жатырмыз, – деді ол онлайн брифингте.

Қазпошта еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, 1-15 сәуір аралығында зейнетақыны үйге жеткізу кестесін бекіткен.

Кестеге сай бүгінде 389 572 зейнеткердің ақшасы үйіне жеткізілді. Алты мыңға жуық адам төлем картасына көшірілді.

"Зейнетке шыққан клиенттеріміздің қатарында карантин аяқталған соң, зейнетақыны бөлімшеге келіп алғысы келетіндер де бар. Біз олармен байланыстамыз", – деді Сәрсенов.

Оқи отырыңыз: Министр зейнетақы қашан және қалай көтерілетінін айтты 

Қазір Нұр-Сұлтанда 34 бөлімшенің 10-ы, ал Алматыда 91 бөлімшенің 30-ы істеп тұр.

Жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін қысқарды.

Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Қарағанды қаласында бөлімшелер 16.00-ге дейін ашық, қалған аймақтарда 17.00-ге дейін істейді.

Тақырып бойынша

Қаңтарда қазақстандықтарға 200 млрд теңге зейнетақы төленді – министрлік
Қазақстанның зейнетақы қоры кімдердің шотына ақша түспей жатқанын мәлімдеді
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 11 триллион теңгеден асты
Қазақстанда жәрдемақы мен зейнетақы өседі - Тоқаев тапсырма берді
Зейнетақы мен жәрдемақыны өсіруге қанша теңге бөлінеді
Кілт сөздер:
Қазпошта, зейнеткерлер
Загрузка...

Басты тақырып