02:38 01 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (870)
9035 0 0

Қытай Халық Республикасынан дәрігерлер делегациясымен бірге гуманитарлық көмектің екінші бөлігі келеді деп жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Қытай дәрігерлерге қолдау көрсету үшін Қазақстанға бір топ медицина қызметкерін жіберіп жатыр, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. 

Коронавирус инфекциясының алдын алу және науқастарды емдеуде бай тәжірибесі бар жоғары білікті қытай дәрігерлерінің миссиясы – Қазақстан дәрігерлеріне COVID-19 індетімен күресте консультациялық әдістемелік көмек көрсету. Атап айтқанда, көрші елдің дәрігерлері COVID-19 індетінің алдын алып, бақылаудың Қытай тәжірибесімен, жақын байланыста болған адамдарды анықтап, оқшаулау тетіктерімен таныстырады, қолданыстағы клиникалық емдеу хаттамаларына ұсыныстар береді.

"Бұл бастаманы Қазақстан тарапы 24 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықты жүзеге асыру мақсатында ұсынды", - делінген хабарламада.

Қытай Қазақстанға COVID-19 коронавирус инфекциясымен күресте жан-жақты қолдау көрсетуге келісіп отыр.     

Бүгін, 7 сәуірде денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның төрағалығымен Қытай денсаулық сақтау комитеті өкілдерімен, қытайлық дәрігерлермен онлайн кездесу өтті.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 120 дәрігер коронавирус жұқтырды 

Осы онлайн кездесу барысында тараптар 13 маманнан тұратын Қытай делегациясының бағдарламасын талқылады.

Қытайлық дәрігерлер Нұр-Сұлтан қаласына 9 сәуірде келеді деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, делегациямен бірге Қытайдан гуманитарлық көмектің екінші бөлігі келеді.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (870)

Тақырып бойынша

Кімдерге коронавирусқа қарсы тест жасалады?
Министр қазақстандық дәрігерлерді байбалам салмауға шақырды
Жақсылық Досқалиев коронавирустан қалай қорғануға болатынын айтты
Бас санитар дәрігер: 45 бала індетке шалдықты
Дәрігерлер қай өңірлерде коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Кілт сөздер:
Қытай, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып