Қоғам

Назарбаев отызға толатын жастарға үндеу жолдады

© Sputnik / Абзал КалиевЗакрытие года молодежи
Закрытие года молодежи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы тәуелсіздік жылдары дүниеге келген жастарға келесі жылы орда бұзар отызға толатындарын еске салды

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев зиялы қауым, жастар мен кәсіпкерлерге үндеу жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елбасы сөзін алдымен аға ұрпақ пен зиялы қауым өкілдеріне арнады.

"Халықты ынтымаққа шақырып, жақсылыққа, ізгі амалдар жасауға, саламатты өмір салтын ұстануға үндеңіздер. "Ырыс алды – ынтымақ" екенін ұмытпаңыздар. Жастарды еңбекке, білім алуға, қатарының алды болуға тәрбиелеңіздер. Ұрпақ алдындағы жауапкершілік бізді осыған міндеттейді", - деді Назарбаев бүгінгі үндеуінде.  

Осыдан кейін Елбасы тәуелсіздік жылдары дүниеге келген жастарға келесі жылы орда бұзар отызға толатындарын еске салды.

"Еліміздегі ең қуатты күш – өздеріңсіңдер. Аға ұрпақ сендер үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, енді сендердің де күш-қайрат жұмсайтын кездерің келді. Жамандықтан, жат әдеттен сақтанып, игі істер жасауға ұмтылыңдар. Үлкенге – ізетті,  кішіге  – қамқор, бір-біріңе дос болыңдар. "Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең – істің бәрі бос" деген Абай аталарыңның өсиетін ешқашан естен шығармаңдар", - деді Назарбаев.

Оқи отырыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев қандай өзгеріс болатынын айтты 

Бұдан бөлек, тұңғыш президент кәсіпкерлерге де арнайы сөз айтып, халыққа қаржылай және заттай көмек беруді жалғастыру қажеттігін жеткізді.

"Сіздер тәуелсіздіктің арқасында өз істеріңізді қалыптастырып, аяқтарыңызға нық тұрдыңыздар, мол дәулетке кенелдіңіздер. Енді "Мен еліме не беремін?" дейтін кездеріңіз де келді", - деп толықтырды Назарбаев.

Осы орайда ол ұрпақ пен дәстүр сабақтастығы болған жерде ғана игілік пен ізгіліктің қатар жүретінін жеткізді. Ал осындай қасиетті қағида әрбір қазақстандықтың жадынан, жүрегінен орын алуы керек.  

Жаңалықтар
0