Қоғам

Нұр-Сұлтанда үш науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылды

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өту Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото
 Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі таңда ауруханаларда 493 науқас жатыр, оның 203-і коронавирустан емделуде, 10 науқас Ақмола облысының тұрғыны

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирус жұқтырған бес адамның жағдайы ауыр екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Басқарма басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, қазіргі таңда ауруханаларда 493 науқас жатыр, оның 203-і коронавирустан емделуде, оның ішінде 10 науқас Ақмола облысының тұрғындары.

"Сонымен қатар, бес науқастың жағдайы ауыр, үшеуі жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған", - деді Қисықова.

Оның сөзіне қарағанда, осы уақытқа дейін коронавирус жұқтырған 222 адамның басым бөлігі науқастармен жақын қарым-қатынаста болған, яғни ешқайда шықпай, ауырып қалған. Сырттан келгендердің саны 12 процентті ғана құрады.

Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 700-ден асты

"Жалпы, 222 науқаспен қарым-қатынаста болған 2 167 адам анықталды. Орташа есеппен бір науқасқа 10 адамнан келеді. Олардың бәрін оқшаулап, тексеріп шықтық", - деп түйіндеді Қисықова. 

Жаңалықтар
0