16:04 06 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.67
  • EUR452.95
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (884)
241 0 0

Халықаралық еңбек ұйымы індетке шалдығу көрсеткіші азаймаса, жұмыссыздық деңгейі одан сайын өсетінін айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Коронавирус індеті салдарынан әлемде миллиардтаған адам жұмыссыз қалады немесе жалақысы қысқарады. Бұл туралы Халықаралық еңбек ұйымына сілтеме жасап Bloomberg хабарлады.

Бұл өзгерісті, әсіресе, қонақүй, тамақтану және сауда салаларының қызметкерлері сезінеді. Халықаралық еңбек ұйымы індетке шалдығу көрсеткіші азаймаса, жұмыссыздық деңгейі одан сайын өсетінін айтып отыр. 

Айта кетейік, 11 наурызда Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирустың таралуын пандемия деп жариялаған болатын. Елдер шекарасын жауып, бірінен соң бірі төтенше жағдай режимін енгізді. 

Қазақстанда 16 наурыз - 15 сәуір аралығында төтенше жағдай жарияланды. Облыстар мен қалалар карантинге жабылды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткізген төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында коронавирус індетіне байланысты табысын жоғалтқан адамдарға жәрдемақы төлеуді тапсырған болатын. Төтенше жағдай салдарынан кірісін жоғалтқан адамдарға 1 ең төменгі жалақы (42 500 теңге) көлемінде ай-сайынғы төлемдер жасалады. 

Алдын ала есеп бойынша мұндай қолдауға кемінде  1,5 миллион отандасымыз ие бола алады.

 

Қазіргі уақытта елімізде 709 адамда вирус расталды. Жетеуі індеттен көз жұмды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (884)

Тақырып бойынша

Министр 42 500 теңгені алу үшін қандай өзгеріс енгізілетінін айтты 
Банк кредит төлемей жүргендердің қарызын 42 500 теңгеден ұстап қала ала ма?
Қазақстандықтар 42 500 теңгені алу үшін үйден шықпай-ақ шот аша алады
Қылмыстық іс қозғалды — алматылықтың "біртүрлі" әрекеті видеоға түсіп қалды
БАҚ-тың "салық демалысы": Абаев президенттің шешімі туралы айтты
Кілт сөздер:
жұмыс, адам, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып