16:10 28 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.41
  • RUB5.50
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1742203

Сенат төрағасы "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы дереу қайта қарауды қажет етіп отырғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Сенат спикері Дариға Назарбаева "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы дереу қайта қаралуы керек деп санайды. Бұл туралы ол сенат отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол қазіргі жағдай мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен электронды қызметтердің жұмысында бірқатар проблема барын көрсетіп отырғанын атап өтті.

"Осы дағдарыс кезінде беті ашылған проблемаларды ескере отырып, "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын дереу қайта қарау керек", - деді Назарбаева сенат отырысында.

Депутаттар бюрократия Қазақстанның басқару жүйесі мен экономиканы цифрландыруда жедел жұмыс жүргізуге мүдделі емес екенін, статистиканы бір ретке келтіру туралы бірнеше мәрте айтқан болатын.

"Біз енді көріп отырғанымыздай, бұдан әрі күтуге болмайды. Қимыл-әрекет жасауымыз қажет", - деді спикер.

Сенат төрағасы әлемдік экономикадағы ахуалдың өзгеруі мемлекеттік саясаттың жаңа басымдықтарын қалыптастырып отырғанын айтты.

"Қызық жағдайлар болды": Қашықтан оқытудың алғашқы күні жұрт дүрлігіп кетті

Назарбаева мемлекеттік саясатта қауіпсіздікке баса назар аудару қажеттігіне тоқталды. Атап айтқанда, жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігі. Азық-түлік, энергетикалық, ақпараттық-коммуникациялық қауіпсіздік және адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі.

"Осының бәрі – құрметті әріптестер, жақын арадағы жұмысымыздың басты күн тәртібі болуы тиіс", - деді ол.

"Бүгінгі таңда бүкіл әлем жаңа тарихтағы ең алмағайып кезеңдердің бірін бастан өткеруде. Экономикалық дағдарыс ауқымының және онымен тікелей байланысты әлеуметтік өзгерістердің түпкі шегі әлі де бұлыңғыр. Қазіргі кезде түрлі болжамдар жасалуда. Біз, әрине, жақсылыққа сенеміз, бірақ қалыптасып отырған ахуал батыл әрі нақты іс-қимылдарды талап етеді", - деп жалғастырды спикер.

Ол президенттің халықты, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған тапсырмалары тек төтенше жағдайда ғана емес, елдің жалпы дағдарысты еңсеру кезеңін де қамтитынын жеткізді.

"Ендігі басты мақсат – осындай маңызды шаралардың жергілікті жерлерде тиімді әрі нақты орындалуын қамтамасыз ету", - деді Назарбаева.

Сенат төрағасы жергілікті органдарды бюрократиялық формализмге, жөнсіздікке жол бермеуге шақырды.

Тақырып бойынша

"Кедей мемлекеттің кедей мұғалімімін" деген ұстаз кешірім сұрады – видео
Білім министрі "Күнделікті" электронды үкіметпен салыстырды
Карантиндегі көмек: Қазақстанда жаңа сайт іске қосылды
Аймағамбетов неліктен қашықтан оқытудың сабақ кестесі болмайтынын түсіндірді
Интернет неге нашарлап кетті – министрлік түсініктеме берді
Кілт сөздер:
Цифрлы Қазақстан, Дариға Назарбаева
Загрузка...

Басты тақырып