23:29 26 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.13
  • EUR451.40
  • RUB5.80
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (393)
1722 0 0

Төтенше жағдай кезінде кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуға шетелде тұратын адамдардың атынан да өтініш келіп түскен

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. 42 500 теңге алуға түскен өтініштерді қарау мерзімі ұзартылуы мүмкін. Оған себеп –  өтініштердің қайталануы. Кейбірі, тіпті, марқұм болған адамдардың атынан өтініш жіберген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Бастапқыда өтініштерді қарау мерзімі 7 жұмыс күні деп белгіленген еді. Кейінірек, әлеуметтік төлемдерді тезірек аудару үшін бұл мерзім үш жұмыс күніне дейін қысқарды. Алайда, біраз азамат бір өтінішті бірнеше рет жіберіп жатқаны анықталды.

"Мәселен 8 сәуір түнгі 23.00-дегі жағдай бойынша 3,1 миллион өтініштің  1,3 миллионы қайталанатын болып шықты", - делінген хабарламада.

Министрлік барлық өтінім түрлі ақпараттық деректер қорында бірнеше параметр бойынша мұқият тексерілетінін атап өтті. Оның ішінде адамның аты-жөні, ЖСН, банк шотының нөмірі, жұмысына қатысты мағлұматтар және тағы басқалары бар.

"Мәліметтерді тексере келе, 42 500 теңгеге жұмыс істейтін, талапқа сай келмейтін азаматтардың да иек артып, қате банк шоттарын немесе бөгде біреудің, жарамсыз банк шоттарын жолдайтыны анықталды. Сонымен қатар, марқұм болып кеткен немесе шетелде тұратын адамдардың атынан да өтініш берілгені белгілі болды", -деп мәлімдеді ведомстводан.

Сонымен қатар, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне ешқашан қатыспаған, оған жарна аудармаған азаматтар да өтінім жіберген. Осыған ұқсас деректердің 405 мыңнан астамы айқындалды.

Тағы оқыңыз: 42 500-ге қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабы жарияланды

"Азаматтардан 3 жұмыс күнінен соң төлемді тағайындау туралы хабарлама алмаса, алаңдамауды сұраймыз. Әр өтініш бойынша, ақпарат тексерілгеннен кейін, міндетті түрде қабылданған шешім туралы хабарланады", - деп сендірді министрліктен.

Бұған дейін де хабарлағандай, әлеуметтік төлемге өтінішті eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және https://t.me/Help42500Bot бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.

42 500 теңге кімдерге беріледі

  • шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалысқа шыққан қызметкерлері;
  • карантин жарияланған елді мекендердегі ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалысқа шыққан қызметкерлері;
  • мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы жұмысшылары;
  • жеке кәсіпкерлер;
  • жеке тәжірибемен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);
  • бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер;
  • азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс табатын, міндетті зейнетақы жарналары аударылған адамдар.
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (393)

Тақырып бойынша

Алматыда үш жүзге жуық адамның 42 500 теңге алуға жазған өтініші қабылданбады
Енді 42 500 теңгені үйден шықпастан алуға болады
Банк кредит төлемей жүргендердің қарызын 42 500 теңгеден ұстап қала ала ма?
42 500 теңге алмайтындарға бірыңғай жиынтық төлемі қайтарыла ма – министр жауабы
Зейнеткерге 42 500 теңге туралы айтуға келген адамды полиция іздеп жатыр
Министр кешірім сұрады - айына бір миллион табатындар 42 500 теңгеге өтініш берді
Декретте отырғандар қандай жағдайда 42 500 теңге ала алады – министр жауабы
Қазақстандықтар 42 500 теңгені алу үшін үйден шықпай-ақ шот аша алады
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, әлеуметтік төлем
Загрузка...

Басты тақырып