23:47 26 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.13
  • EUR451.40
  • RUB5.80
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
516 0 0

Қалаларда бірыңғай жиынтық төлемі 2 651 теңгеге, ал елді мекендерде 1 325 теңгеге тең, оның мөлшері өзгермейді

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Айлық есептік көрсеткіштің өзгергеніне қарамастан бірыңғай жиынтық төлемінің мөлшері сол күйінде қалды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

"Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 42 500 теңге алу үшін өтініш бермей тұрып, бірыңғай жиынтық төлемін төлеуі тиіс. БЖТ мөлшері қала үшін 1 АЕК-ке, ал ауылдарда 0,5 АЕК-ке тең. Яғни, тиісінше 2 651 теңге және 1 325 теңге", - деп мәлімдеді министрліктен.

Кейбір банктің қосымшасында сәуірден айлық есептік көрсеткіштің 2 651 теңгеден 2 778 теңгеге дейін өсуіне байланысты БЖТ-ның жаңа мөлшері көрсетілген. Бұл қате.

Қаржы министрлігі осыған қатысты түсініктеме берді.

"БЖТ мөлшері өзгермейді. Өйткені Салық кодексінің 775-бабына сәйкес, бірыңғай жиынтық төлемін есептеу және төлеу тәртібі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы айлық есептік көрсеткіштің мөлшерін есепке алып белгіленеді", - деді ведомстводан.

БЖТ деген не

БЖТ құрамына төрт бірдей төлем кіреді:

  • жеке табыс салығы
  • міндетті зейнетақы жарнасы
  • әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна
  • мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар

БЖТ төлеген азамат мына мүмкіндіктерге ие болады:

  • жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу, базалық зейнетақы алу
  • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу
  • әлеуметтік төлемдер алу

42 500 теңгені кімдер алады

Төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылған азаматтар ең төменгі жалақы мөлшерінде жәрдемақы алады. Бұл санатқа өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтар да кіреді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда паспорт пен жүргізуші куәлігін алу қымбаттады

Әлеуметтік төлем бір рет тағайындалады, бірақ төтенше жағдай аяқталғанға дейін төленеді.

  • шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалысқа шыққан қызметкерлері;
  • карантин жарияланған елді мекендердегі ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалысқа шыққан қызметкерлері;
  • мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы жұмысшылары;
  • жеке кәсіпкерлер;
  • жеке тәжірибемен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);
  • бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер;
  • азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс табатын, міндетті зейнетақы жарналары аударылған адамдар.

Әлеуметтік төлемге өтінішті eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және https://t.me/Help42500Bot бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.

Тақырып бойынша

Енді 42 500 теңгені үйден шықпастан алуға болады
Зейнеткерге 42 500 теңге туралы айтуға келген адамды полиция іздеп жатыр
Алматыда үш жүзге жуық адамның 42 500 теңге алуға жазған өтініші қабылданбады
Қазақстандықтар 42 500 теңгені алу үшін үйден шықпай-ақ шот аша алады
42 500-ге қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабы жарияланды
Қазақстандықтар 42 500 теңге алу үшін қайтыс болған адамдардың атынан өтініш берген
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, бірыңғай жиынтық төлем
Загрузка...

Басты тақырып