19:02 03 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.00
  • EUR491.36
  • RUB5.69
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (576)
336 0 0

Қытайлық дәрігерлер нұрсұлтандық әріптестерінің жұмысына оң баға берді. Олар жүргізуші де арнайы киіммен жүргенін байқаған  

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Қытайдан келген дәрігерлер Нұр-Сұлтандағы коронавируспен күреске қарсы шаралар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

ШҰАР халық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Лу Чэнь мен инфекционист дәрігер Лу Сяобо қазақстандық әріптестерінің жұмысына баға берді.  

"Нұр-Сұлтанда жақсы жұмыс жүргізіліп жатыр. Әріптестеріміздің барлығы бетперде киген, тіпті осы жерге жеткізген жүргізушінің өзі арнайы киімде болды", - деді инфекционист-дәрігер Лу Сяобо.

Ол елде карантин мерзімін ұзарту қажеттілігіне тоқталды.

"Қазақстандағы қазіргі ахуалға қарап шешім қабылдау керек. Шын мәнісінде, карантинді созу қарапайым азаматтардың өміріне әсер етеді, бірақ карантин вирусты бақылауға алуға мүмкіндік береді. Біз мұны Қытай тәжірибесінен байқап отырмыз", - деді дәрігер.

Оқи отырыңыз: Елордалық дәрігерлерге берілген сыйақының мөлшері жарияланды

Айтуынша, олар Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің бұйрығымен Қазақстанға келген.

Елордаға кеше ұшып келгендіктен, ауруханаларды аралап үлгермепті.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (576)

Тақырып бойынша

Қазақстанға Қытайдан бірнеше дәрігер келді
Коронавирусты 48 сағат ішінде емдейтін дәрі табылды
"Не болып жатқанын түсінбедім" – коронавирусты жеңген оралдық әйелдің әңгімесі  
Тоқаев дәрігерлердің вирус жұқтырып алуының басты себебін атады
Президент дәрігерлерге үстемеақы төленгеннен кейін шағым түскенін айтты
Кілт сөздер:
Қытай, дәрігерлер
Загрузка...

Басты тақырып