Қоғам

Қытай миллиардері Қазақстанға 4,5 тонна гуманитарлық көмек жіберді

© Photo : МИД КазахстанаГуманитарная помощь от Джека Ма - защитные костюмы и маски
Гуманитарная помощь от Джека Ма - защитные костюмы и маски - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сондай-ақ "Джек Ма" және "Alibaba" қорлары экспресс-тесттер мен жасанды тыныс алу аппараттарын жібермек

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Қытай миллиардері Джек Маның қоры Қазақстанға медициналық қорғаныс құралдарын жіберді, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.

Гуманитарлық жүк Алматыға 10 сәуірде жеткізілді.

© Photo : МИД КазахстанаДжек Ма Қазақстанға 4,5 тонна гуманитарлық көмек жіберді
Қытай миллиардері Қазақстанға 4,5 тонна гуманитарлық көмек жіберді - Sputnik Қазақстан
Джек Ма Қазақстанға 4,5 тонна гуманитарлық көмек жіберді

"Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің қолдауымен Шицзячжуан қаласынан (Хэбэй провинциясы) "Джек Ма" және "Alibaba" қорларынан медициналық қорғаныс құралдары келді", - делінген хабарламада.  

4,5 тонна болатын гуманитарлық жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап, сондай-ақ термометрлер бар.

Сонымен қатар, алдағы күндері бұл қорлар Қазақстанға СOVID-19 вирусын анықтайтын экспресс-тесттер мен жасанды тыныс алу аппараттарын жібермек.

© REUTERS  / Медиабанкке өтуҚытайлық миллиардер Джек Ма
Қытай миллиардері Қазақстанға 4,5 тонна гуманитарлық көмек жіберді - Sputnik Қазақстан
Қытайлық миллиардер Джек Ма
Жаңалықтар
0