11:30 07 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Рамазан айы - 2020 (36)
3074 0 0

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы облыстардың бас имамдарымен онлайн режимде жиналыс өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айында төтенше жағдайға байланысты қауіпсіздік шараларына аса мән беру қажеттігін айтты.

Онлайн мәжілісте биылғы Рамазан айының басталуы мен ораза айтының күнін анықтау, пітір садақасының және зекеттің мөлшерін белгілеу, төтенше жағдай кезінде тарауық намазы мен ауызашар өткізудің үкімін шығару, карантин кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау секілді мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі.

"Рамазан – исі мұсылманның қасиетті айы. Біз ұлық айды үлкен дайындықпен қарсы алып, уағыз-насихат, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жоғары деңгейде өткізуіміз тиіс. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік шараларына аса мән беруіміз керек", -  деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жиналыс барысында облыстардың бас имамдары Бас мүфтиге өңірдегі діни ахуалды баяндап, жұқпалы індеттің таралуын алдын алу бағытында жасалып жатқан жұмыстар жайлы баяндап, қайырымдылық шаралардың есебін берді.

Рамазан айының басталуы мен ораза айтының күні Бас мүфтидің қатысуымен жуырда өтетін баспасөз мәслихатында ресми жарияланады.

Оқи отырыңыз: Абаев биыл қазақстандықтар Рамазан айын қалай өткізетінін айтты

 

Тақырып:
Рамазан айы - 2020 (36)

Тақырып бойынша

Рамазан айының соңғы он күнінде не істеу керек?
Рамазан айының он артықшылығы туралы не білесіз?
Діни басқарма Рамазан айы қай күні басталатынын ресми жариялады
Рамазан айында ораза ұстауға шамаңыз жетпесе, не істеу керек?
Қасиетті Рамазан айында туған балаға қандай есім қоюға болады?
Кілт сөздер:
рамазан айы, Бас мүфти
Загрузка...

Басты тақырып