Қоғам

42 500-ді аласыз ба, әлде алмайсыз ба – енді өтінішті өзіңіз тексере аласыз

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках монеты банкноты тенге
Деньги в руках монеты банкноты тенге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Енді қазақстандықтар 42 500 теңге жәрдемақыға берген өтініші қандай кезеңде қаралып жатқанын тексере алады

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңге жәрдемақы алуға берген өтініштің статусын тексеруге мүмкіндік беретін сервисті іске қосты. Бұл туралы вице-министр Нариман Мұқышев хабарлады.

"Біз үнемі әлеуметтік желілерді қарап отырамыз. Қазіргі уақытта адамдардың ең көп сұрайтыны – "Мен бірнеше күн бұрын өтініш бердім, бәріқ әлі күнге дейін жауап жоқ". Сондықтан Біржан Нұрымбетовтің (Еңбек және халықты әдеуметтік қорғау министрі – Sputnik) тапсырмасы бойынша 42 500 теңге төлем бойынша статусты тексеретін сервис іске қосылды", - деп жазды вице-министр Instagram-парақшасында.

Сонымен, өз статусыңызды тексеру үшін:

  • 42500.enbek.kz сайтына кіріңіз
  • "Өтінім статусын тексеру" деген жерді басыңыз
  • ЖСН мен жеке куәлік нөмірін енгізіңіз
  • “Мен робот емеспін” деген жерге ✔ белгісін қойып, "тексеру" батырмасын басыңыз.

Бірден өтінішіңіздің статусы шыға келеді.

Айта кеткен жөн, бір құрылғыдан бір сағаттың ішінде 3 сұранысқа дейін жібере аласыз.

Бұған дейін еңбек министрлігі 42 500 теңге мөлшеріндегі жәрдемақыны төтенше жағдай режимі кезінде екінші рет алу мүмкіндігі туралы хабарлаған еді. 

Жаңалықтар
0