08:54 10 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD410.70
  • EUR465.28
  • RUB5.80
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
60 0 0

ЕАЭО елдері одақ аумағында коронавирустың және басқа да жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу бойынша кешенді жоспар әзірлеуге шешім қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Роспотребнадзор коронавирусты зерттеуге арналған 70 мыңнан астам тест жүйесін Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне (ЕАЭО) жіберді, деп хабарлады ведомствоның сайты.

Дүйсенбіде ЕАЭО елдері халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдар басшыларының кеңесі өтті.

Қазақстан экономикасы коронавирустан қанша ақша жоғалтқаны белгілі болды

"Бүгінгі таңда Роспотребнадзор ЕАЭО елдеріне COVID-19 індетіне қарсы 70 мыңнан астам зерттеу жүргізу үшін "Вектор" мемлекеттік вирусология және биотехнология ғылыми орталығы" федералды бюджеттік мекемесі әзірлеген тест жүйелерін жеткізді. Ресей көмегі тест жүйелерін, реагенттер мен термометрия жабдықтарын қосымша жеткізу арқылы кеңейтілетін болады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ғылыми-әдістемелік көмек көрсету жалғасады.

Кеңесте ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағында коронавирустың таралуына қатысты жағдай және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені қарастырылды.

Бірыңғай эпидемиологиялық кеңістік аясында енгізілген шараларды әрі қарай үйлестіру үшін одақ аумағында жаңа коронавирустың және басқа да жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеуге арналған кешенді жоспар әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Тақырып бойынша

Ресей коронавирус диагностикасына арналған тест-жүйелерді Қазақстанға берді
Министр екі елмен шекарада коронавирусқа қарсы тексеріс неге жүргізілмейтінін айтты
Коронавирус халықаралық саудаға соққы жасады: ЕАЭО елдері не істеп жатыр
Кілт сөздер:
тест, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып