20:22 05 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Рамазан айы - 2020 (36)
437801

Төтенше жағдайға байланысты қасиетті Рамазан айында карантин мерзімінде тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайтыны айтылды

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Мұсылмандар асыға күтетін Рамазан айы 24 cәуір күні басталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айының басталатын күнін белгіледі. Шариғат үкімі мен ғылыми зерттеу жұмысының қорытындысына сәйкес, мұсылмандар асыға күтетін Рамазан айы биыл елімізде 24 cәуір күні басталатын болды", - деді ол.

ҚМДБ төтенше жағдайға байланысты қасиетті Рамазан айында індеттің таралуының алдын алу мақсатында карантин мерзімінде тарауық намазын мешіттерде жамағатпен оқылмайтынын мәлімдейді. 

"Әркім тарауық намазын өз шаңырағында, отбасы мүшелерімен оқуға кеңес береміз. Біз осылай оқшаулану арқылы жұқпалы індетті жеңеміз", - деді бас мүфти.

Тағы оқыңыз: Мүфтият оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді– видео

Тақырып:
Рамазан айы - 2020 (36)

Тақырып бойынша

"Ағзаңыз жасарады": 27 жыл ауыз бекіткен дәрігер ораза ұстаудың пайдасы туралы айтты
Бас санитарлық дәрігер кімдерге ораза ұстауға болмайтынын айтты
Рамазан айында ораза ұстауға шамаңыз жетпесе, не істеу керек?
2020 жылы Ораза мен Құрбан айт қашан басталатыны белгілі болды
Ораза айтта әр мұсылман орындауы тиіс сауапты амалдар
Кілт сөздер:
рамазан айы, Рамазан, Ораза
Загрузка...

Басты тақырып