Қоғам

Денсаулық сақтау министрлігі індетті қанша адам жұқтырғанын жариялады

Жазылу
Қазақстандық дәрігерлер коронавирус індетін жұқтырған тағы 33 адамды тiркеді, оның 14-і Нұр-Сұлтан қаласында  

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын қанша адам жұқтырғанын жариялады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай режимін ұзартты 

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 33 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында – 14 адам, Батыс Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Атырау облысында – 6 адам, Алматы қаласында – 8 адам, Қызылорда облысында – 2 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам.

Осылайша коронавирус жұқтырғандардың саны 1232 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 282,
  • Алматы қаласы – 358,
  • Шымкент қаласы – 39,
  • Ақмола облысы – 79,
  • Ақтөбе облысы – 12,
  • Алматы облысы – 24,
  • Атырау облысы – 69,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8,
  • Жамбыл облысы – 49,
  • Батыс Қазақстан облысы – 12,
  • Қарағанды облысы – 78,
  • Қостанай облысы – 5,
  • Қызылорда облысы – 121,
  • Маңғыстау облысы – 10,
  • Павлодар облысы – 11,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 26,
  • Түркістан облысы – 49.

Соңғы мәлімет бойынша індеттен 14 адам қайтыс болып, 203-і жазылып шықты.  

Жаңалықтар
0