НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 29 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай режимін ұзартты
"Атырау облысында 1, Шымкент қаласынды 1, Батыс Қазақстан облысында 6, Маңғыстау облысында 1, Қызылорда облысында 3, Қарағанды облысында 2, Нұр-Сұлтан қаласында 9, Алматы қаласында 6 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.
Осылайша Қазақстанда індетті жұқтырғандардың саны 1261 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 291,
- Алматы қаласы – 364,
- Шымкент қаласы – 40,
- Ақмола облысы – 79,
- Ақтөбе облысы – 12,
- Алматы облысы – 24,
- Атырау облысы – 70,
- Шығыс Қазақстан облысы – 8,
- Жамбыл облысы – 49,
- Батыс Қазақстан облысы – 18,
- Қарағанды облысы – 80,
- Қостанай облысы – 5,
- Қызылорда облысы – 124,
- Маңғыстау облысы – 11,
- Павлодар облысы – 11,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 26,
- Түркістан облысы – 49.
Соңғы мәлімет бойынша індеттен 14 адам қайтыс болып, 203-і жазылып шықты.