12:28 06 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.35
  • EUR496.08
  • RUB5.73
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
4148 0 0

Блогер Руслан Жанпейісов төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Өзін "полицейлер аңшысы" деп атайтын Бейбарыс Райымбеков (блогер Руслан Жанпейісов ретінде танымал) сот шешімімен 25 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

12 сәуірде Шымкент қаласындағы Қапал-Батыр көпірі жанындағы бақылау-өткізу бекетінде полиция қызметкерлері "Опел" жеңіл көлігін тоқтатты. Карантиндік іс-шаралар кезінде қала бойынша еркін жүріп-тұру құқығы бар-жоғын тексеру кезінде көлік жүргізушісі Райымбеков "Adil Stroi Project" ЖШС-нің заңгері екендігі туралы анықтаманы көрсеткен. Оның айтуынша, анықтама негізінде полиция оны кедергісіз жіберуі керек еді.

"Алайда, қалада аталған ЖШС қазіргі уақытта ешқандай қызмет көрсетпейтіндігі анықталды", – делінген хабарламада.

Азаматтарға, соның ішінде ішкі істер органы қызметкерлеріне заңдылықтың сақталуын насихаттайтын блогерді тексеру барысында ол арандату әрекетін жасаған. Яғни, құжаттары тексеріліп болған соң, полиция қызметкерлерінің жұмысына кедергі жасап, әлеуметтік желінің тікелей эфирінде хабар таратқан. Осындай әрекетімен өткізу пунктіндегі қызметкерлерге өз міндетін орындауға кедергі келтірген.

Бейбарыс Райымбековке қатысты әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 476 (төтенше жағдай режимін бұзу) және 478 (төтенше жағдай кезіндегі тәртіпті бұзуды тудыратын әрекеттер) баптары бойынша хаттама толтырылды.

14 сәуірде бейнеконференция режиміндегі сот отырысында судья шешімімен төтенше жағдайды бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ, сот Райымбековке құқық қорғау органдарының қызметкерлерін арандатып, төтенше жағдайға наразылығын білдіріп, жағымсыз эмоциясын тікелей эфирде көрсеткені және төтенше жағдай жарияланған аймақтағы қызметкерлердің өз міндеттерін атқаруына кедергі келтіргені үшін 25 күн әкімшілік қамауға алуды тағайындады.

Айта кетейік, Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Бейбарыс Райымбеков (Руслан Жанпейісов) бұған дейін де ұрлық, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру және арнайы ақпарат құралдарын заңсыз пайдаланғаны үшін заң алдында жауапкершілікке тартылған.

Тақырып бойынша

Руслан Жанпейісов не үшін ұсталды – министрлік жауабы
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, Шымкент
Загрузка...

Басты тақырып