Қоғам

Байланыс операторлары интернет неге баяу істеп тұрғанын түсіндірді

© Photo : СС0 / 12194226Пенсионерка держит смартфон
Пенсионерка держит смартфон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Егер күндіз ойын-сауық сервистері пайдаланылмай білімге басымдық берілсе, желілерге салмақ түспейді әрі интернет те жылдам істейді

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстанда қашықтан оқыту басталса да, интернетте ойын-сауық контенті басым болып тұр. Ұялы байланыс операторлары ата-аналарға күндіз желіге көп салмақ түсірмеуге кеңес беріп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, карантин енгізілгелі бері трафиктің көлемі 20 процентке өсті. Ал Google, Youtube, әлеуметтік желілер мен мессенджерледің трафигі бірден 15 процентке артты.

"Енді, қазақстандықтардың көбісі қашықтан жұмыс істей бастады. Видеоконтентті тұтыну көлемі артты. Мысалы, наурыз айында "Қазақтелеком"-ға 25 мың абонент қосылды. Олармен бірге трафикті тұтыну көлемі де айтарлықтай өсті. Содан сыртқы арналарды 365 гигабитке арттыруға тура келді", – деді Есекеев бүгінгі онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, карантинге дейін сыртқы трафик 1200 Гб болса, қазіргі кезде оның көлемі 1560 Гб құрайды. Ал Tele2 мен Altel-дің жүктемесі 48 процентке артты. Интернет көп салмақ түскеннен кейін қашықтан оқыту жағынан да ақау бар.

Оқи отырыңыз: Интернет неге нашарлап кетті – министрлік түсініктеме берді

Осы орайда "Beeline Қазақстан" компаниясының бас атқарушы директоры Евгений Настрадин ата-аналарға өтініш жасады.

"Мысалы, қазіргі кезде мен де қашықтан жұмыс істеп жатырмын. Күні бойы интернетте отырамын, әріптестермен кездесемін. Ал менің ұлым көрші бөлмеде отырып, онлайн оқытудің сан алуан сервистеріне кіреді. Мен оған кедергі жасамауға тырысамын. Егер байланыс жағынан бір ақау шықса, бірден Wi-Fi-дан мобильді интернетке ауысамын", – дейді Настрадин.

Компания қазіргі трафикті де зерделеп шықты. Сонда маңызды бір мәселені анықтады. Карантин кезінде оқушылар мен студенттер қашықтан оқытуға ауысса да, желіде білім сервистеріне сұраныс қатты өскен жоқ. Үлкен адамдардың трафикті көп "жеп отыратыны" анық байқалып отыр.

"Казірдің өзінде карантинге байланысты қашықтан оқыту жүйесі енгізілсе де, бізде білім беру арналары емес, торренттер сияқты сан алуан ресурстар көш бастап тұр. Сондықтан үлкен кісілер де күндіз ойын-сауық сервистерін көп пайдаланбай, білімге басымдық беруі керек. Сонда осы арналарға салмақ түспейді. Интернет де жылдам істейді. Мен өзім соған қатты мән беремін", – деп атап көрсетті Настрадин.

Жаңалықтар
0