08:51 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (393)
3379206

"Birgemiz" қоғамдық қоры 152 мыңнан астам отбасыға 50 мың теңгеден берген, келесі айда көмек жалғасын табады

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. "Birgemiz" қоры мамыр айынан бастап қазақстандықтарға көмек көрсетудің екінші толқынын бастайды. Бұл туралы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.

15 сәуірде Назарбаев "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Елбасы партияның төтенше жағдай кезінде мұқтаж жандарға көмек және мемлекет жүргізіп жатқан шараларға қолдау көрсету бойынша белсенді жұмысын атап өтті.

Тұңғыш президент "Birgemiz" қоғамдық қорына біраз ақша жиналғанын айтып, қазақстандықтар мен бизнес қауымдастыққа алғысын білдірді.

"Birgemiz" қорынан 152 мыңнан астам отбасыға 50 мың теңгеден берілген.

"Бұл жұмысты әрі қарай жалғастыру қажет. Мамыр айынан бастап біз азаматтарға көмек көрсетудің екінші толқынын бастаймыз. Бұл үкіметтің қазір бөліп жатқан көмегіне қосымша қолдау болады", - деді Назарбаев.

Бауыржан Байбектің айтуынша, "Birgemiz" қорына 20 миллиард теңгеге тарта ақша түскен.

Сонымен қатар, партия төрағасы індет тоқтағаннан кейін экономикалық өсімді қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.

Тағы оқыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев қандай өзгеріс болатынын айтты

"Президент те, үкімет те осынау қиын кезеңде мұқтаж жандарға қол ұшын созу үшін қауырт жұмыс үстінде. Бірақ коронавирус пандемиясы тоқтайды, біздің алдымызда экономиканы қалпына келтіру міндеті тұрады. Қазір көптеген адам жұмыссыз қалуда, экономикалық даму қарқыны төмендеп жатыр. Жағдай жақсарса, бизнестің кейбір түрлеріне қызметін жалғастыруға рұқсат беру керек деп ойлаймын", - деді тұңғыш президент.

Елбасы тағы да қазақстандықтарды әлемдік пандемияға қарсы бірлесіп күресуге үндеді.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (393)

Тақырып бойынша

"Назарбаев елге жариялап қойыпты": Әубәкіров қалай ғарышкер болғанын айтып берді
Назарбаев облыс әкімдерімен не жайлы сөйлескені белгілі болды
Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады
"Сынақтан абыроймен өтеміз": Назарбаев өз қорынан 200 млн теңге бөлді
Ертең Қазақстан халқына үндеу жасаймын – Назарбаев
Назарбаев отызға толатын жастарға үндеу жолдады
Кілт сөздер:
Бауыржан Байбек, Назарбаев, карантин, төтенше жағдай
Загрузка...

Басты тақырып