09:37 08 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.19
  • EUR461.24
  • RUB5.67
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (491)
222 0 0

Тұрғындарға екі апта бойы үйден шығуға тыйым салынды, тек азық-түлік дүкеніне баруға рұқсат етіледі

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда "Солтүстік шұғыласы" (Северное сияние) тұрғын үй кешенінің кіреберісі карантинге жабылды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға елорда әкімдігі растады.

"Солтүстік шұғыласы" тұрғын үй кешенінде №1 кіреберіс карантинге жабылды",- деп мәлімдеді әкімдіктен.

"Солтүстік шұғыласы" тұрғын үй кешені астананың сол жағалауында "Керуен" сауда орталығына қарама-қарсы орналасқан.

Бұған дейін елордада тұтас бір аудан қоршауға алынды: тоғыз көпқабатты үй карантинге жабылды. Абылай хан, Рысқұлбеков, Мүсірепов, Мұстафин көшелері квадратында режим күшейтілді.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда қай үйлер карантинге алынғаны белгілі болды

Шұғыл қызметтер мен жұмыс істейтін азаматтардың көлігіне кіріп-шығуға рұқсат етіледі. Тұрғындар жұмыс орнынан анықтама көрсетсе, ал көлік "Сергек" базасында тіркелуі тиіс. Үйден тек азық-түлік пен дәрі-дәрмек алу үшін шығуға болады.

Қазақстанда 1 654 адам коронавирус жұқтырды, соның 369-ы елордада тіркелген.

Астанада 172 пациент жазылып шықты, екеуі қайтыс болды.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (491)

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтанда ер адам әйелінің көзінше 10-шы қабаттан секіріп кетті
Нұр-Сұлтанда бір аудан қоршауға алынды
Нұр-Сұлтанда екі апта бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
Кілт сөздер:
карантин
Загрузка...

Басты тақырып