Қоғам

Арман Шораевтың қарындасы бейнеүндеу жасады

© Photo : ortcom.kzАрман Шураев
Арман Шураев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арман Шораевтың ісіне қатысты материалдар сотқа түскен жоқ. Техникалық себептерге байланысты сот жабық өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Президент жанындағы қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің бұрынғы мүшесі, қоғам белсендісі Арман Шораевтың қарындасы ағасын адвокатпен кездестірмей, Қарағандыдан белгісіз бағытқа алып кеткенін хабарлады.

Әспет Бекмұрзаева Шораевты 18 сәуір күні сағат 18.00-де ұстағанын айтты. 

"Біз Арманның не үшін ұсталғанын білмейміз. Оның телефонын бірден алып қойды. Адвокатты жібердік. Алайда оған кездесуге рұқсат бермеді", -деді ол. 

Шораевтың қарындасының айтуынша, таңғы сағат алтыда қоғам белсендісін Қарағандыдан белгісіз бағытқа алып кеткен. 

Бұған дейін Алматы қалалық соттың баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын Facebook-те жазба жариялаған болатын. 

"Қазіргі уақытта Алматының тергеу сотына материалдар түскен жоқ. Процеске бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуына байланысты бұл техникалық себептерге байланысты мүмкін емес екенін хабарлаймын. Байланыс каналы шектеулі, оған тек процеске қатысушыларды ғана қоса аламыз", - деді Жарылқасын.

Ол Алматы қаласының соттары қоғамдық резонанс туғызған істер бойынша ақпарат беріп отыратынын жеткізді.

"Бұл іске қатысты материалдар келген жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарына оның қорытындысы туралы міндетті түрде хабарлаймыз", - деді баспасөз хатшысы.

Кеше, 18 сәуір күні Арман Шораев әлеуметтік желілер арқылы бірнеше рет шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқаны үшін ұсталғаны хабарланған болатын.

Алматы полициясы өз әрекетімен Шораев төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, мемлекет пен қоғамның заңмен қорғалатын мүдделеріне едәуір нұқсан келтірді деп мәлімдеді 

Тағы оқыңыз: Арман Шораев қайда ұсталды

Sputnik Қазақстан Шораевты Қарағандыдан белгісіз бағытқа алып кетті деген ақпаратқа байланысты Алматы қаласының полиция департаменті мен Ішкі істер министрлігіне хабарласты. Алайда түсініктеме берілген жоқ.

Жаңалықтар
0