18:25 10 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1374)
1085 0 0

Алматылық ерікті коронавирусқа тест тапсыру үшін өз кезегін күтіп жүр. Шұғыл штаб орталығына тест нәтижесімен ғана кіруге рұқсат берілген

АЛМАТЫ, 19 сәуір – Sputnik, Айгерім Таубай. Қазақстанда коронавирус анықталған науқастар саны күн сайын көбейіп жатыр. Алматының өзінде жүзден аса инфекция ошағы карантинге жабылды. Қалаларда әкімшілік қолдауымен еріктілердің жедел штабы құрылды, ол жерде көмек қолын созғысы келетін азаматтар карантин кезінде тұрғындарға азық-түлік апарып,карантин ережелерінің сақталуын бақылауға көмектеседі. Sputnik Қазақстан тілшісі Алматыда карантин режимі енгізілген күннен бастап еріктілер қатарына қосылып, бір айдан бері тегін жұмыс істеп жүрген еріктімен әңгімелесті.

Карантинге жабылған үйлерге барған

Әлмади Қанатұлы Алматы технологиялық университетінің жастар саясаты бөлімінде жұмыс істейді. Төтенше жағдай жарияланған соң ақысыз еңбек демалысына шыққан. Коронавирус инфекциясы таралып, төтенше жағдай жарияланған сәтте "AlmatyVolunteers" командасының атынан еріктілер қатарына қосылған.

"Штабтың мақсаты– осындай қиын сәтте көмекке зәру тұрғындарға жәрдемдесу. Бұл штабта әкімдік қызметкерлері, еріктілер ұйымы бірігіп қала тұрғындарына көмек көрсетеді. Бірінші орында Ұлы отан соғысының ардагерлері, жалғызбасты аналарға көмек беріледі. Ал олардың тізімін әкімдіктің өзі береді", - деп түсіндірді ерікті.

Айтуынша, штабта еріктілердің денсаулығына аса сақтықпен қарайды. Таңертең ғимаратқа кірерде дене қызуын тексереді, антисептикпен тазалау жүргізеді, сонымен қатар бахиласыз кіруге болмайды.

"Карантинге алынған инфекция ошағы саналатын он үйге бардық. Көрсетілген мекенжайға барып, үй тұрғынынан қажетті азық-түлік тізімін аламыз, олар ақшаны картаға аударады. Еріктілер арнайы киіммен дүкендерге барып, тізім бойынша сауда жасайды. Одан бөлек қалада рейд жүргіздік. Сән салондары, казино, зоодүкендер жұмыс істеп жатса, дүкен иесіне төтенше жағдай кезінде жұмыс істеуге болмайтынын, айыппұл салынатынын ескертеміз", - дейді Әлмади.

Екі жүз ерікті жұмыс істеп жатыр

Сонымен қатар күн сайын еріктілерді  жинайтын арнайы көлік ұйымдастырылған. Таңертең сағат жеті жарымнан бастап еріктілерді шұғыл штабқа жинау басталады.

"Штабта жұмыс істейтін әр адамның өзінің қызметі бар: біреу телефон қоңырауына жауап береді, енді бірі тасымалдау ісіне жауап берсе, тағы бірі карантин орталықтарына барады. Мониторинг жүргізетін арнайы адам да бар. Бастапқыда жедел штабта 66 адам болды, қазір  қатарымыз толып, 200-ге тарта адам жұмыс істеп жатыр", - дейді ол.

Алматылық волонтерлер
© Photo : Алматылық волонтерлер ұсынды
Бастапқыда жедел штабта 66 адам болған. Қазір екі жүзге жуық адам жұмыс істеп жатыр

Еріктілердің арасында 18-30 жас аралығындағы азаматтар бар. Бірі өз қалауымен шығып кетсе, енді бірі қашықтан көмектесуге ауысқан.

"Өткен аптадан бастап әрбір ерікті штабқа кірерде коронавирусқа тапсырған тест нәтижесін көрсетуі керек. Штабта карантинге алынғандар жоқ. Қазірге дейін 57 ерікті тест тапсырды, барлығында теріс нәтиже көрсетті. Мен қазір өз кезегімді күтіп жүрмін, себебі бірден барып тест тапсыруға болмайды. Алдын ала сауалнама толтырып, кезек күту керек", - дейді Әлмади Қанатұлы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @almadi_kanatuly

Айтуынша, тест тапсырмай, штабқа кіруге рұқсат берілмеген.

Сондай-ақ, ерікті әдетте жұмыс күні аяқталған соң үйіне кірерде санитарлық нормаларға сай антисептикпен тазарту жүргізетінін айтты.

Төтенше жағдай енгізілген бір айдың ішінде жедел штаб 932 отбасыға көмек көрсеткен, жедел желі бойынша түскен мыңдаған қоңырауға жауап берген.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1374)

Тақырып бойынша

"Бастығыңыз біледі, төменге түсіңіз деді" – карантинге жатқызылған еріктілердің әңгімесі  
"Жылай бастаймын": Елордалық дәрігер ауруханада не болып жатқанын айтып берді
Тойға барамын деп ауруханаға түсті - коронавирусты жеңген қарияның әңгімесі
Төтенше жағдайдың ұзартылуы Қазақстанға қандай қауіп төндіреді
Қазақстанда лауазымды тұлғалардың карантиндегі әрекеті видеоға түсіп қалды
Загрузка...

Басты тақырып