Қоғам

Қазақстанда тағы 24 адам коронавирус жұқтырды

© Sputnik / Владислав ВодневПробирка с пробой на коронавирус
Пробирка с пробой на коронавирус  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
20 сәуір сағат 09:25-тегі жағдай бойынша науқастардың саны 1 735 адамға жетті. 19 адам індеттен көз жұмды

АЛМАТЫ, 20 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 24 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

"Қызылорда облысында – 1,Нұр-Сұлтан қаласында – 9, Алматы қаласында – 1, Шымкент қаласында – 4, Батыс Қазақстан облысында – 1, Павлодар облысында – 4, Қостанай облысында – 4 адам инфекция жұқтырды", - делінген ақпаратта.

Осылайша 20 сәуір сағат 09:25-дегі жағдай бойынша, науқастардың саны 1 735 адамға жетті. 

Нұр-Сұлтан қаласы – 381 адам, Алматы қаласы – 525 адам, Қарағанды облысы – 93 адам, Ақмола облысы – 82 адам, Атырау облысы – 80 адам, Жамбыл облысы – 61 адам, Шымкент қаласы – 71 адам, Шығыс Қазақстан облысы – 8 адам, Алматы облысы – 44 адам, Ақтөбе облысы – 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысы – 30 адам, Павлодар облысы – 30 адам, Маңғыстау облысы – 12 адам, Қызылорда облысы – 149 адам, Батыс Қазақстан облысы – 63 адам, Түркістан облысын – 60  адам, Қостанай облысы – 19  адам.

Корнавирус инфекциясынан елде 19 адам көз жұмды.

Жаңалықтар
0