Қоғам

Нұр-Сұлтанда жұқпалы аурулар госпиталі 15 күнде салынды – видео

© Sputnik / Владислав ВодневВид на строящийся инфекционный госпиталь в Нур-Султане с высоты птичьего полета
Вид на строящийся инфекционный госпиталь в Нур-Султане с высоты птичьего полета  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы күндері медицина қызметкерлерімен бірге жабдықтарды жұмысқа дайындап, науқастарды емдеуге кірісу жоспарланып отыр

АЛМАТЫ, 20 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға арналған аурухананың құрылысы аяқталды.

Қарқынды терапия бөлмелеріне жасанды тыныс алу аппараты орнатылып жатыр.

Аурухана фотосын BI Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев жариялады.

"Жақын күндері медицина қызметкерлерімен бірге құрылғыларды баптап, аурухананы дәрігерлерге тапсырамыз. Дәрігерлер қауіпсіз технология мен қауіпсіз аймаққа қатты қуанып отыр. Енді олар ауру жұқтырмайды", - деп жазды ол.

Сонымен қатар Рахымбаев жақында Алматыдағы аурухананың құрылысы аяқталатынын хабарлады.

Елордада инфекциялық аурухана құрылысы бесінші сәуірде басталды. Бұл нысанды салу  барысында мыңға жуық адам жұмыс істеді. Құрылысқа неміс технологиясы бойынша жаңа зауыттан шығарылатын модульдік блок қолданылды.

Алматыдағы ауруханаға Атыраудан тұрғын үй блогы жеткізілді. Ол мұнай саласында қызмет ететін компания инженерлеріне арналған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бизнес & Трэвел фотограф в KZ (@volkov1kz)

Шымкентте Өзбекстанның тәжірибесі қолданылады. Ол жақта контейнерлерден аурухана салу туралы шешім қабылданды.

 

Жаңалықтар
0