17:43 11 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (505)
891501

15 мың теңге мөлшеріндегі төлем ай сайын коммуналдық қызмет тұтынушылардың абоненттік есепшотына жіберілетін болады

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігі коммуналдық қызметтер үшін 15 000 теңге төлеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ресми мәліметке сәйкес, коммуналдық қызметтер үшін берілетін 15 мың теңгеге өтінім қабылдау жұмысы әкімдіктер арнайы жүйені іске қосқаннан кейін ғана басталады. 

"Коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу тәртібі ағымдағы жылдың 18 сәуірінде бекітілді. Бүгінгі таңда әкімдіктер өтінімдерді қабылдау үшін call-орталықтар мен ақпараттық ресурстар құру бойынша шұғыл шаралар қабылдап жатыр. Әкімдіктер өтінімдерді қабылдайтын арнайы жүйені дайындағаннан кейін ол жайында жергілікті халықты хабарландырады", - делінген ресми хабарламада. 

Министрлік арнайы жүйе барынша қысқа уақыт ішінде әзірленетінін жеткізді. Коммуналдық қызметтер сәуір және мамыр айлары үшін төленеді. Сондықтан өтінім беруге асықпауға  болады.  Оған қоса, барлық өтініш мамыр айымен қоса қабылданады.

"Өтінімдер call-орталықтар мен ақпараттық жүйелер арқылы қабылданады. Әкімдіктерге тұтынушының жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және есепшотын туралы ақпарат ұсыну қажет", - дейді министрлік мамандары.

15 мың теңгені кімдер алады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу қағидаларын бекіткен болатын. Осығай орай, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ әкімдіктердің ұсыныстары негізінде келесі санаттағы адамдардың коммуналдық қызметтеріне төлем жүргізіледі: 

  • 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер; 
  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 
  • мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар; 
  • көпбалалы отбасылар;
  • ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер; 
  • мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; 
  • атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер. 

15 мың теңге мөлшеріндегі төлем ай сайын коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың есепшотына (абоненттік шотқа) жіберілетін болады. 

Көмек коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен өз атынан шарт жасасқан және карантин енгізілген елді мекенде тұратын көрсетілген санаттардағы адамдарға көрсетілетін болады. 

Мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар, көпбалалы отбасылар және қызметiн орындау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына келсек, олардың отбасының бір мүшесінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен шарт жасалған болуы тиіс.

 

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (505)

Тақырып бойынша

Тоқаев елдегі карантинге қатысты жазба жариялады
Министр 42 500 теңге барлық адамға не себепті берілмейтінін түсіндірді
Бүгіннен бастап қандай кәсіпорындар жұмысқа кіріседі
42 500 теңгені мемлекетке қайтарып бергендер екінші рет өтініш бере ала ма?
Елордада өрт сөндірушілер коронавируспен күресуге көшеге шықты – видео
Кілт сөздер:
карантин, теңге, коммуналдық қызмет
Загрузка...

Басты тақырып