12:17 29 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR454.18
  • RUB5.81
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Рамазан айы - 2020 (36)
598510

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы жамағат намазы үшін мешіт есігі жабылғанымен, сауап пен ізгілік есіктері ешқашан жабылмайтынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құран хатымның қалай оқылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Төтенше жағдайға байланысты мешітте жамағатпен бірге оқылатын намаздарға уақытша шектеу қойдық. Әр азаматтың өмірі мен денсаулығы қымбат құндылық болғандықтан, жұқпалы аурудың алдын алу үшін осындай шешім қабылдауға мәжбүр болдық. Әрине, бұл – уақытша сынақ. Алайда жамағат намазы үшін мешіт есігі жабылғанмен, сауап пен ізгілік есіктері ешқашан жабылмайды", - деді Тағанұлы бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, қазіргі жағдайда үйден шықпай, онлайн режимде насихат тыңдап, сауапты амалдарға ортақтасуға болады. Осыған байланысты діни басқарма бірнеше жоба қолға алмақ. Атап айтқанда, мүфтият сайтында "Рамазан энциклопедиясы" атты қосымша парақша ашылып отыр. Онда қасиетті ай туралы толық ақпарат алуға болады. Ал "Hikmet TV" студиясы білікті имамдар мен ұстаздардың "30 күнге – 30 уағыз" атты онлайн дәрістерін жүргізеді.

"Хикмет тв" студиясы арқылы Рамазан айында республикалық Әзірет Сұлтан мешітінің қабырғасында күніне бір сағат арнайы онлайн хатым оқылып, қасиетті Қадір түнінде Құран хатым дұғасы жасалады. Баршамызға белгілі, әр жыл сайын біз мешіттерде Құран хатым оқитынбыз. Бірақ, өкінішке қарай, биыл төтенше жағдайға байланысты олай жасай алмаймыз. Біз оның орнына Рамазанның алғашқы күнінен бастап хатым Құранды онлайн режимде оқитын боламыз", - деп атап көрсетті Тағанұлы.

Тағы оқыңыз: Рамазан-2020: Ораза кестесі шықты

Тақырып:
Рамазан айы - 2020 (36)

Тақырып бойынша

Рамазан айында ораза ұстауға шамаңыз жетпесе, не істеу керек?
Рамазан айының он артықшылығы туралы не білесіз?
2020 жылы Ораза мен Құрбан айт қашан басталатыны белгілі болды
Абаев биыл қазақстандықтар Рамазан айын қалай өткізетінін айтты
Бас мүфти кімдерге ораза ұстамауға рұқсат етілетінін айтты
Загрузка...

Басты тақырып