Қоғам

"Жоғарыдан хабарласты": Қарағандыда тұрғындар далаға дискотекаға шықты – видео

CC0 / Daniel Lages / Дискотека, клуб, кеш
Дискотека, клуб, кеш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше жағдай режимін бұзғандарды 10 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы күтіп тұр

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Қарағандыда төтенше жағдайға қарамастан Майқұдық тұрғын үй алабының тұрғындары далаға шығып, би биледі. Полиция музыка қойып, дискотека ұйымдастырғандарды анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Дискотеканың видеосы желіде жарияланды. Коронавирус індеті өршіп тұрғанына қарамастан, ондаған адам балаларымен сыртқа шығып, көңіл көтерген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 5 канал Караганда (@5kanal.kz)

"Айғай-шу қайда?!"- дейді "асаба" видеода.

Содан соң "Кешірім сұраймын, ренжімеңіздер, жоғарыдан хабарласып, музыканы сөндір деп жатыр", - деп жалғастырды ол.

Полиция видеоны зерделеп, режимді бұзғандарды тапты.

"Музыка қойып, дискотека ұйымдастырғандар анықталды. Хаттама толтырылып жатыр. Олар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің  476-бабы бойынша жауапқа тартылады. Оларды 10 АЕК (1 айлық есептік көрсеткіш - 2 778 теңге) айыппұл немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы күтіп тұр", - деп мәлімдеді Sputnik Қазақстанға Қарағанды облысы полиция департаментінен.

Тағы оқыңыз: Мамин карантин режиміне қандай өзгеріс енгізілуі мүмкін екенін айтты

Көшеде өз бетімен қыдырып жүрген балалардың ата-аналары төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жауапқа тартылады, деп хабарлады полициядан.

Бұған дейін Көкшетауда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері моншада демалғаны үшін жұмыстан қуылған еді.

Жаңалықтар
0