Қоғам

Ораза кезінде антисептик қолдануға бола ма – мүфтият жауабы

© Sputnik / Абзал КалиевЧеловек обрабатывает руки антисептиком
Человек обрабатывает руки антисептиком - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше жағдайға байланысты жұқпалы індеттің алдын алу үшін мешіттерде жұма, тарауық, күнделікті жамағат намазы уақытша оқылмайды

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ораза кезінде антисептикті қолдануға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, антисептіктің құрамында спирт болса да, төтенше жағдай кезінде пайдалануға рұқсат етіледі. Ондай шаралар адамның денсаулығын қорғауға арналған. Сол себепті оразаны бұзбайды.   

"Әрине, Алла қаласа, оразаны бұзбайды. Біз жай жағдайда емес, төтенше жағдайдамыз ғой. Сондықтан осындай кезде адамның денсаулығына зиян тигізбейтін, қайта қорғайтын дүниелерді біздің шәриғатымыз қолдайды", - деді Тағанұлы бүгінгі онлайн брифингте. 

Биыл қасиетті Рамазан айы 24 сәуірде басталады. Төтенше жағдайға байланысты жұқпалы індеттің алдын алу үшін мешіттерде жұма, тарауық, күнделікті жамағат намазы уақытша оқылмайды. Сонымен қатар, мешіт пен қоғамдық орындарда ауызашар берілмейді. Ал пітір садақаның мөлшері 370 теңге деп бекітілді. Оны онлайн түрде аударуға болады.

Жаңалықтар
0