09:58 05 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.51
  • EUR447.33
  • RUB5.78
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (413)
38147 0 0

Біртанов адамдар қауіпсіз қарым-қатынас жасауды үйренбейінше, үкімет қатаң шаралар қолдануды жалғастыра беретінін мәлімдеді

АЛМАТЫ, 21 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов карантинді мамырға дейін созуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқи отырыңыз: Әзірге вирустың таралу шыңында тұрмыз – Біртанов 

Оның айтуынша, мамырдың соңына дейін 3 500 адамнан инфекция анықталады деп болжанып отыр. Алайда бұл мамырдан кейін инфекция жұқтырғандар тіркелмейді дегенді білдірмейді.

"Бұл мамырдан кейін ештеңе болмайды дегенді білдірмейді. Қоғамда инфекцияны жұқтырғандар болады. Инфекция байланыс кезінде жұғады. Кей адамдар тобы үшін соңы ауыр болуы да мүмкін. Сондықтан эпидемияның таралуы төмендеген кезде үнемі карантинде отырмау үшін вируспен өмір сүріп үйрену маңызды", - деді министр.  

Біртановтың айтуынша, адамдар қауіпсіз қарым-қатынас жасауды үйренбейінше, үкімет қатаң шаралар қолдануды жалғастыра береді.  

"Мамырда карантин ұзартылуы мүмкін. Біз үшін мамыр қауіпті кезең болып саналады", - деді министр.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (413)

Тақырып бойынша

Алматыда тағы 127 медицина қызметкерінен коронавирус табылды
Ғалымдар артық салмақ пен коронавирус арасында қандай байланыс барын айтты
"Бәрімізге де оңай емес": Назарбаева сенатта маңызды мәселені көтерді
Қазақстандық дәрігерлер зейнетақы жарнасы мен салықтан босатылды
Ораза кезінде антисептик қолдануға бола ма – мүфтият жауабы
Кілт сөздер:
карантин
Загрузка...

Басты тақырып