Қоғам

Алматыда екі бірдей полиция бастығы қызметінен босатылды

© Photo : CC0 / Dariusz Sankowski Внедорожник
Внедорожник - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бейнеролик әлеуметтік желіде кең таралып, қоғам арасында қызу талқыланған соң құқық қорғау органдарының білдей екі қызметкері жұмысынан босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдай кезінде элиталық кортежге қатысты шыққан жанжалдан кейін Алматыда криминалды полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадин қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған дерекке сүйенсек, қоғам арасында қызу талқыланған осы оқиға салдарынан патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары Е.Қуанышбаев та қызметінен алынған.

Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын криминалды полиция басқармасының басшысы бой көрсеткен видео әлеуметтік желілерде кең таралды. Сонымен қатар, видеода элиталық көліктер жол ережесін бұзып, бақылау-өткізу пунктінің жанынан еш кедергісіз өтіп бара жатады. Bentley, Mercedes және Cadillac сияқты қымбат көлік жүргізушілерінің мұндай әрекеті Алматыда болған.

Ішкі істер министрінің өзі осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Заңның үстемдігі мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету біздің басты міндетіміз. Төтенше жағдайды және карантинді бұзуға жол берілмеуі тиіс. Мұны қарапайым жұмысшылар да, олардың басшылары да есте ұстауы керек. Ешкімде ешқандай ерекшеліктер болмайды", – деді Тұрғымбаев.

Құқық қорғау органы өкілдері бейнероликті мұқият талдап, бақылау-өткізу пунктінен заңсыз өтіп, төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін бес адамды ұстады. Олар 10-15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, барлық элиталық көлік айып тұрағына қойылды. Тағы екі адам іздестірілуде.

Сондай-ақ, осы оқиғаның алдын алуға тиісті деңгейде әрекет етпеген өзге де полиция қызметкерлеріне тәртіптік жауапкершілік қарастырылды.

Жаңалықтар
0