10:08 05 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.51
  • EUR447.33
  • RUB5.78
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (881)
976 0 0

Камалжан Надыров елорда ауруханасына жатқызылды, ол емдеуші дәрігерлерге алғыс білдіріп, жұмысын қашықтан жалғастыратынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтандағы жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан бұрынғы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Камалжан Надыров алғаш рет өзінің сырқаты туралы жазды.  

Шенеунік коронавирусқа қарсы тест оң нәтиже көрсеткенін кеше кешке білген, ал 22 сәуірде ол Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы қызметіне кірісуі тиіс еді.

"Қызмет барысында өңірлерге барып, әріптестеріммен кездестім, ауруханаларды араладым. Індетті жұқтыру қаупі болғандықтан тұрақты түрде тестілеуден өтіп жүрдім. Кеше кешке анықталған тест нәтижесінен басқасының бәрі теріс болды. Бұл біздің көзге көрінбейтін дұшпанымыздың зұлымдығын тағы бір мәрте айғақтап отыр", - деді Надыров өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Надыровтың айтуынша, сырқат "біршама жеңіл түрінде" өтіп жатыр.

"Біздің дәрігерлер өте жанқиярлықпен, үйлесімді және кәсіби түрде жұмыс істеп жатыр, осы кезге дейін шеберліктерін шыңдағаны көрініп тұр. Сол үшін оларға тағзым етемін, олар нағыз Батыр!" - деп атап өтті ол.  

Надыров жазылғаннан кейін Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын басқаруға дайын екенін, ал әзірге қашықтан жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Людмила Бюрабекова денсаулық сақтау вице-министрі болды

Сондай-ақ ол Қазақстан халқына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

"Жаңалық осыншалық резонанс тудырады деп ойламадым. Қолдау көреткен көптеген хабарламаны оқыдым! Бұл, әрине, маған күш-қуат береді, сіздерге көп рахмет!"- деді ол.

Надыров барлық сақтық шарасын сақтап, өзін-өзі оқшаулау маңызды екенін атап өтті.  

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (881)

Тақырып бойынша

Елжан Біртанов коронавирусқа тест тапсырды
Денсаулық сақтау вице-министрі не себепті қызметінен кеткені белгілі болды
Коронавирусқа жаппай тест жасалады – кімдер тапсыруы тиіс?
Қазақстанда бұрынғы денсаулық вице-министрінде коронавирус расталды
Коронавирус жұқтырған вице-министрдің іссапармен қай өңірлерге барғаны айтылды
Кілт сөздер:
вице-министр, вирус
Загрузка...

Басты тақырып