13:46 29 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR454.18
  • RUB5.81
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Рамазан айы - 2020 (36)
776 0 0

Биыл қасиетті Рамазан айы қауіпті вирустың таралуын тоқтату мақсатында жарияланған төтенше жағдай мерзімімен тұспа-тұс келіп тұр

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Биылғы Рамазан айы бұрынғыдан өзгерек. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты барша жамағат үшін мешіт есігі жабылды. Десе де қасиетті айда үйден шықпай-ақ, ізгі амалдар жасап, сауапқа кенелуге болады.

24 сәуірде басталған Рамазан айы 23 мамырға дейін созылады.

Коронавирустың таралуына жол бермес үшін мешіттерде жамағатпен оқылатын намаздарға шектеу қойылды. Тарауық намазын әркім үйде отбасымен бірге оқи алады.

Мешіт пен қоғамдық орындарда ауызашар берілмейді. Ораза кезінде ағайын-туыстың үйіне ауызашарға баруға да рұқсат жоқ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ауызашар тамағын мешіттер арқылы мұқтаж отбасыларға таратуға үндеді. Карантин кезінде ауыз бекіткен жандарға азық-түлік жеткізіп бергендер ауызашар бергеннің сауабын алады.

Тағы оқыңыз: Рамазан - 2020: Ораза кестесі

Ал мың айдан да қайырлы Қадір түні мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге түсіп тұр.

Биыл пітір садақаның мөлшері 370 теңге деп бекітілді. Төтенше жағдайға байланысты пітір садақа мен зекетті онлайн аударуға болады. Ал материалдық жағдайы бар азаматтар пітір садақаны мейіз немесе құрма құнымен бергені абзал.

Кімдерге ораза ұстамауға болады

Шариғат қасиетті айда ораза тұтуды кей жандарға кейінге қалдыруға рұқсат етеді. Олар:

  • жолаушылар;
  • науқас адамдар;
  • жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдер.

Сонымен қатар, індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер және басқа да мамандық иелері ораза ұстауға шамасы жетпесе, кейінге қалдыра алады.

Рамазан айында ауыз бекіткен адам коронавирустың белгілерін байқаса, оразаны тоқтатып, қазасын артынан өтеуіне болады. Ғалымдардың пәтуасы бойынша оразаны тоқтату үшін білікті әрі сенімді мұсылман дәрігерінің кеңесі болуы қажет.  

Антисептик оразаны бұза ма

Бас мүфтидің айтуынша, антисептіктің құрамында спирт болғанымен, төтенше жағдай кезінде пайдалануға рұқсат етіледі. Себебі бұл адам денсаулығын қорғауға арналған. Сол себепті оразаны бұзбайды.  

Құран хатым онлайн оқылады

Әр жыл сайын мешіттерде Құран хатым оқылатыны баршаға аян. Алайда карантин жылдағы дәстүрге өзгеріс енгізіп отыр. Рамазанның алғашқы күнінен бастап хатым Құран онлайн режимде оқылады.

Тағы оқыңыз: Түндердің ішіндегі қайырлысы Қадір түні туралы не білеміз?

"Hikmet TV" студиясы арқылы астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінде күніне бір сағат арнайы онлайн хатым оқылып, қасиетті Қадір түнінде Құран хатым дұғасы жасалады.

Бұдан бөлек, Рамазан айының бірінші күнінен имамдар muslim.kz инстаграм парақшасы арқылы әрбір он бес минут сайын дұға оқып, құран бағыштайды.

Киелі айдың әрбір күнін босқа жібермеңіз

Мүфтият жамағатты үйден шықпай-ақ онлайн режимде насихат тыңдап, сауапты амалдарға ортақтасуға шақырды. Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бірнеше жобаны қолға алған.  

Соның бірі – "Рамазан энциклопедиясы" атты қосымша парақша. Ол жерден қасиетті ай туралы толық ақпарат алуға болады. Ал "Hikmet TV" студиясы білікті имамдар мен ұстаздардың "30 күнге – 30 уағыз" онлайн дәрістерін жүргізеді.

Тағы оқыңыз: Қасиетті Рамазан айында туған балаға қандай есім қоюға болады?

24 сәуірден бастап "Qazaqstan" телеарнасында "Ораза қабыл болсын!" арнайы хабары эфирге шығады. Қазақтан мұсылмандары діни басқармасының ресми өкілдері мен дін саласының мамандары бір ай бойы, күн сайын 21:00-де Ораза айын өткізу тәртібіне қатысты қазақстандықтардың сауалына жауап береді.

Тақырып:
Рамазан айы - 2020 (36)

Тақырып бойынша

Рамазан айында ораза ұстауға шамаңыз жетпесе, не істеу керек?
Имам ораза ұстауға мүмкіндігі жоқ адамдарға кеңес берді
"Суды көбірек ішу керек": бас санитар ораза ұстайтындарды сақтандырды
Ауыз бекітпеген жөн: Ораза айт мейрамында не істеу керек?
Кілт сөздер:
карантин, төтенше жағдай, ауызашар, намаз, Ораза, Рамазан
Загрузка...

Басты тақырып