10:59 08 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.19
  • EUR461.24
  • RUB5.67
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1096)
6853 0 0

Қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасының реанимациялық бөліміне жатқызылған науқастың бірнеше ауруы болған

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы коронавирус індетінен көз жұмған науқасқа қатысты деректерді жария етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Марқұм Шымкент қаласы Абай ауданының тұрғыны, 1968 жылы туған азамат. Ол 20 сәуір күні қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасының реанимациялық бөліміне жатқызылды. Ауруханаға түскен кездегі ауыр жағдайына байланысты науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылды.

Науқаста дилатациялық кардиомиопатия, жүрекше фибрилляциясы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, қант диабеті сияқты аурулары болды.

"Науқасқа барлық қажетті емдеу шаралары тиісті деңгейде жүргізілді. Бірнеше рет республикалық мамандармен кеңес өткізілді. Қолға алынған реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 23 сәуір күні сағат 20:30-да науқас қайтыс болды", – делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі кезде науқаспен байланыста болған барлық азамат оқшауланып, карантинге алынды.

Айта кетсек, бұл Шымкент қаласы бойынша коронавирус індеті салдарынан жан тапсырған төртінші адам. Ал республика бойынша қайтыс болғандардың саны 22-ге жетті.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1096)

Тақырып бойынша

Тұрғындар бетперде тағуға міндетті: Шымкент қаласы карантинге жабылады
Шымкент тұрғынының карантиннен қашып бара жатқанын куәгерлер көріп қалды
Нұр-Сұлтанда 82 жастағы науқас коронавирустан жазылды
Төрт науқас коронавирустан жазылды
Бір науқас коронавирусты 80 адамға жұқтырған – бас санитар дәрігер
Кілт сөздер:
Шымкент, індет, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып