Қоғам

Нұр-Сұлтанда коронавирустан Ресей азаматы қайтыс болды

© Sputnik / Кирилл Шипицин / Медиабанкке өтуВрач держит в руках маску для искусственной вентиляции легких в палате госпиталя
Врач держит в руках маску для искусственной вентиляции легких в палате госпиталя - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтанда коронавирустан үшінші адам көз жұмды. Қазақстанда індеттен қайтыс болғандардың саны 22-ге жетті

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Елордада тағы бір адам індеттен көз жұмды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жаңа ғана сағат 10.40-та тағы бір азамат көз жұмды. Ол Ресей азаматы екені туралы ақпарат түсті. Марқұмның отбасына көңіл айтамыз", - деді ол онлайн брифингте. 

Көз жұмған әйел 64 жаста. 15 сәуірде жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Жағдайы ауруханаға түскен кезден бастап ауырлаған.

"Жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылды. Коронавирустан бөлек, екіжақты полисегмантарлы пневмониямен, қант диабетімен ауырған", - деп атап өтті Мәкен.

Пациент клиникалық диагностика хаттамасына сәйкес ем алған.

"Кәсіби мамандардың қатысуымен күн сайын консилиум өткізілді. Алайда интенсивті терапияға қарамастан, науқаста полигорганды жетіспеушілік белгілері өршігені байқалды. Сағат 10.40-та жүрегі тоқтады", - деп түйіндеді әкім орынбасары.

Осылайша, Қазақстанда індеттен қайтыс болғандардың саны 23 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 3,
  • Алматы қаласы – 7,
  • Шымкент қаласы – 4,
  • Ақмола облысы – 4,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1,
  • Қарағанды облысы – 1,
  • Қостанай облысы – 1,
  • Павлодар облысы – 1,
  • Түркістан облысы – 1.

 

Жаңалықтар
0